https://sputnik.kz/20240122/barmaq-basty-koz-qysty-bolmauy-kerek-prezident-ministrdin-usynysyn-qoldady-41734128.html
"Бармақ басты, көз қысты" болмауы керек": президент министрдің ұсынысын қолдады
"Бармақ басты, көз қысты" болмауы керек": президент министрдің ұсынысын қолдады
Sputnik Қазақстан
Отырыс кезінде ішкі істер министрі орта буындағы басшылық құрамды биыл кезектен тыс аттестациядан өткізуды ұсыныды 22.01.2024, Sputnik Қазақстан
2024-01-22T16:49+0500
2024-01-22T16:49+0500
2024-01-22T16:49+0500
қасым-жомарт тоқаев
ішкі істер министрлігі
https://sputnik.kz/img/07e8/01/16/41732268_0:72:1280:792_1920x0_80_0_0_010e665737ceb8e66767937019005c99.jpg
АСТАНА, 22 қаңтар – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев полицияның орта буындағы басшылық құрамын кезектен тыс аттестациядан өткізуді қолдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Ішкі істер министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісіне қатысқан мемлекет басшысы полицияның қашанда халыққа үлгі-өнеге болуы керектігін ерекше атап өтті. Сонда ғана жүрт полицияға сенеді, оны қорған көреді.Отырыс кезінде ішкі істер министрі орта буындағы басшылық құрамды биыл кезектен тыс аттестациядан өткізуды ұсыныды. Президент осы бастаманы қолдады. Бірақ министрлік сынақ кезінде табандылық танытуға тиіс."Бармақ басты, көз қысты" болмауы керек. Алайда аттестация біреуден есе қайтарудың құралы болмауға тиіс. Басты мақсат – жеке құрамды біліксіз және жұмысына адал емес басшылардан тазарту, яғни кәсіби кадр резервін жасақтау. Сонда ғана ахуалды түбегейлі өзгерте аламыз", – деп атап көрсетті мемлекет басшысы.Тоқаев президент әкімшілігіне алдағы аттестацияны бақылауда ұстауды тапсырды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/01/16/41732268_65:0:1216:863_1920x0_80_0_0_526cee00bbf594206b696052ad189f7e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, ішкі істер министрлігі
қасым-жомарт тоқаев, ішкі істер министрлігі
"Бармақ басты, көз қысты" болмауы керек": президент министрдің ұсынысын қолдады
Отырыс кезінде ішкі істер министрі орта буындағы басшылық құрамды биыл кезектен тыс аттестациядан өткізуды ұсыныды
АСТАНА, 22 қаңтар – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев полицияның орта буындағы басшылық құрамын кезектен тыс аттестациядан өткізуді қолдады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Ішкі істер министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісіне қатысқан мемлекет басшысы полицияның қашанда халыққа үлгі-өнеге болуы керектігін ерекше атап өтті. Сонда ғана жүрт полицияға сенеді, оны қорған көреді.
"Өкінішке қарай, тәртіп сақшыларының бәрі бірдей сондай деп айта алмаймыз. Ауыр қылмыс жасаған қызметкерлер анықталып жатыр. Соңғы кезде мұндай оқиғалар жиілеп кетті. Бұған жол бермеуіміз керек және ондай әрекеттерді мүлдем ақтауға болмайды. Осындай жағдайлар бүкіл жеке құрамның жұмысын бір сәтте жоққа шығарады. Ондай адамдарды полиция қатарынан шығару қажет. Қызметкерлерін дер кезінде тәртіпке салмаған басшылар мәселесін де қарау керек", – деді Тоқаев.
Отырыс кезінде ішкі істер министрі орта буындағы басшылық құрамды биыл кезектен тыс аттестациядан өткізуды ұсыныды. Президент осы бастаманы қолдады. Бірақ министрлік сынақ кезінде табандылық танытуға тиіс.
"Бармақ басты, көз қысты" болмауы керек. Алайда аттестация біреуден есе қайтарудың құралы болмауға тиіс. Басты мақсат – жеке құрамды біліксіз және жұмысына адал емес басшылардан тазарту, яғни кәсіби кадр резервін жасақтау. Сонда ғана ахуалды түбегейлі өзгерте аламыз", – деп атап көрсетті мемлекет басшысы.
Тоқаев президент әкімшілігіне алдағы аттестацияны бақылауда ұстауды тапсырды.