https://sputnik.kz/20240122/auganstandagy-ushaq-apatynan-tort-adam-aman-qaldy--baq-41723718.html
Ауғанстандағы ұшақ апатынан төрт адам аман қалды – БАҚ
Ауғанстандағы ұшақ апатынан төрт адам аман қалды – БАҚ
Sputnik Қазақстан
Тағы екі адамның тағдыры әлі белгісіз 22.01.2024, Sputnik Қазақстан
2024-01-22T07:49+0500
2024-01-22T07:49+0500
2024-01-22T07:49+0500
әлем
ұшақ
https://sputnik.kz/img/07e6/07/0d/26109591_719:767:2997:2048_1920x0_80_0_0_e025eb27e62777edfb9104517284815e.jpg
АСТАНА, 22 қаңтар – Sputnik. Құтқарушылар Ауғанстанда апатқа ұшыраған Falcon 10 ұшағын тапты, деп хабарлайды РИА Новости Росавиацияға сілтеме жасап.Алдын ала мәлімет бойынша, борттағы алты адамның төртеуі аман және түрлі жарақаттар алған. Тағы екі адамның тағдыры әлі белгісіз.Ведомство хабарлағандай, Ауғанстанда жоғалып кеткен Falcon ұшағы Ресейдің азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізілімінде тіркелген.Falcon 10 ұшағы Гая (Үндістан) - Ташкент - Жуковский бағыты бойынша чартерлік санитарлық рейсін орындаған.Ұшақтың бастапқы ұшу орны Таиландтың Утапао әуежайы болған.Falcon Үндістанда жанармай құйып, маршрут бойынша одан әрі ұшып шыққан, содан кейін ол радардан жоғалып кеткен.Ресей туроператорлар қауымдастығының (АТОР) мәліметтері бойынша, бортта төрт экипаж мүшесі және ерлі-зайыпты Волгодонск қаласының тұрғындары Анна мен Анатолий Евсюковтар болған.Тергеу комитеті екі немесе одан да көп адамның абайсызда өліміне әкеп соққан қозғалыс қауіпсіздігі мен әуе көлігін пайдалану ережелерін бұзу туралы қылмыстық іс қозғады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/07/0d/26109591_928:670:2765:2048_1920x0_80_0_0_1485ace99d57b2143d87e5a8d9f610f2.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ұшақ
Ауғанстандағы ұшақ апатынан төрт адам аман қалды – БАҚ
Тағы екі адамның тағдыры әлі белгісіз
АСТАНА, 22 қаңтар – Sputnik. Құтқарушылар Ауғанстанда апатқа ұшыраған Falcon 10 ұшағын тапты, деп хабарлайды
РИА Новости Росавиацияға сілтеме жасап.
Алдын ала мәлімет бойынша, борттағы алты адамның төртеуі аман және түрлі жарақаттар алған. Тағы екі адамның тағдыры әлі белгісіз.
"Ауғанстандағы Ресей елшілігінің мәліметі бойынша: жергілікті жердегі іздестіру-құтқару қызметі Falcon 10 ұшағын тапты", - делінген Telegram арнасындағы жазбада.
Ведомство хабарлағандай, Ауғанстанда жоғалып кеткен Falcon ұшағы Ресейдің азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізілімінде тіркелген.
Falcon 10 ұшағы Гая (Үндістан) - Ташкент - Жуковский бағыты бойынша чартерлік санитарлық рейсін орындаған.
Ұшақтың бастапқы ұшу орны Таиландтың Утапао әуежайы болған.
Falcon Үндістанда жанармай құйып, маршрут бойынша одан әрі ұшып шыққан, содан кейін ол радардан жоғалып кеткен.
Ресей туроператорлар қауымдастығының (АТОР) мәліметтері бойынша, бортта төрт экипаж мүшесі және ерлі-зайыпты Волгодонск қаласының тұрғындары Анна мен Анатолий Евсюковтар болған.
Тергеу комитеті екі немесе одан да көп адамның абайсызда өліміне әкеп соққан қозғалыс қауіпсіздігі мен әуе көлігін пайдалану ережелерін бұзу туралы қылмыстық іс қозғады.