Атырау мұнай өңдеу зауытының серіктестеріне 2 млрд теңге айыппұл салынды

© Sputnik / Абзал КалиевДеньги в руках
Деньги в руках - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.01.2024
Жазылу
АЛМАТЫ, 22 қаңтар - Sputnik. Атырау мұнай өңдеу зауытының серіктестерінен тұрақсыздық айыбы өндірілді, деп хабарлайды облыстық прокуратура.
"Joint Technologies" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен "Сұйытылған мұнай газын сақтау паркі" серіктестігі үлесінің 50% сатып алу-сату шарты бойынша ерекше талаптарды бұзғаны үшін бюджетке 1,7 млрд теңге мөлшерінде тұрақсыздық айыбы өндірілді", - деп жазды ведомство.
Сондай-ақ бәсекелестікті қорғауды бұзғаны үшін парк сот қаулысымен Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 159-бабының 3-1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапқа тартылып, 324 млн теңге көлемінде айыппұл салынды.
Бұған дейін прокурорлық тексеру нәтижелері бойынша жалпы сомасы 5,7 млрд теңгеге 50% үлес түріндегі мүлік мемлекетке қайтарылған болатын, дейді ведомство.
Жаңалықтар
0