https://sputnik.kz/20240121/semeyde-ertis-ozeninde-su-dengeyinin-koteriluine-baylanysty-11-adam-evakuatsiyalandy-41711544.html
Семейде Ертіс өзенінде су деңгейінің көтерілуіне байланысты 11 адам эвакуацияланды
Семейде Ертіс өзенінде су деңгейінің көтерілуіне байланысты 11 адам эвакуацияланды
Sputnik Қазақстан
Әр сағат сайын мамандар учаскелерді аралап, су деңгейіне мониторинг жүргізіп жатыр. 21.01.2024, Sputnik Қазақстан
2024-01-21T14:12+0500
2024-01-21T14:12+0500
2024-01-21T14:19+0500
ертіс
https://sputnik.kz/img/07e8/01/15/41708022_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_810b1efdf0bce15bdec0cbfb7bcdda6b.jpg
АСТАНА, 21 қаңтар – Sputnik. Ертісте мұздың жиналуы салдарынан су деңгейі күрт көтерілді. Семейдегі Бейбітшілік аралынан 11 адам қауіпсіз жерге көшірілді.Қазіргі уақытта Ертіс өзенінің су деңгейі - 457 сантиметр."Бейбітшілік" аралы тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ТЖД қызметкерлері жергілікті атқарушы орган өкілдерімен бірлесіп, 21 қаңтарға қараған түні бөгет салу, өзен арнасына су бұру үшін жол төсемін ашу секілді инженерлік жұмыстар жүргізді", - деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі. Белгілі болғандай, ТЖД күшімен өзен арнасына 5850 текше метр су қайта жіберілді.Қазіргі уақытта су деңгейі төмендеп, тұрғын үйлерді су басу қаупі жоқ. Әр сағат сайын мамандар учаскелерді аралап, су деңгейіне мониторинг жүргізіп жатыр. Су деңгейін өлшеу әр 2 сағат сайын жүргізіледі.
ертіс
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/01/15/41708022_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_97c1af67572763eb6f763faf5b252252.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ертіс
Семейде Ертіс өзенінде су деңгейінің көтерілуіне байланысты 11 адам эвакуацияланды
14:12 21.01.2024 (жаңартылды: 14:19 21.01.2024) Әр сағат сайын мамандар учаскелерді аралап, су деңгейіне мониторинг жүргізіп жатыр.
АСТАНА, 21 қаңтар – Sputnik. Ертісте мұздың жиналуы салдарынан су деңгейі күрт көтерілді. Семейдегі Бейбітшілік аралынан 11 адам қауіпсіз жерге көшірілді.
Қазіргі уақытта Ертіс өзенінің су деңгейі - 457 сантиметр.
"Бейбітшілік" аралы тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ТЖД қызметкерлері жергілікті атқарушы орган өкілдерімен бірлесіп, 21 қаңтарға қараған түні бөгет салу, өзен арнасына су бұру үшін жол төсемін ашу секілді инженерлік жұмыстар жүргізді", - деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Белгілі болғандай, ТЖД күшімен өзен арнасына 5850 текше метр су қайта жіберілді.
"Түнде Бебітшілік аралынан 11 адам (7 ересек, 3 бала) эвакуацияланды, олар Семей қонақ үйіне орналастырылды. Үй жануарлары қауіпсіз жерге жеткізілді. Эвакуацияланған адамдар жергілікті атқарушы орган тарапынан ыстық тамақпен қамтамасыз етілді", - делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта су деңгейі төмендеп, тұрғын үйлерді су басу қаупі жоқ. Әр сағат сайын мамандар учаскелерді аралап, су деңгейіне мониторинг жүргізіп жатыр. Су деңгейін өлшеу әр 2 сағат сайын жүргізіледі.