https://sputnik.kz/20240121/qazaqstandyq-telezhurgizushi-vladimir-rerikh-qaytys-boldy-41711628.html
"Хабардың" бұрынғы бас директоры Владимир Рерих қайтыс болды
"Хабардың" бұрынғы бас директоры Владимир Рерих қайтыс болды
Sputnik Қазақстан
Қазақстанның бас арнасын басқарған тележурналист Германияда қайтыс болды 21.01.2024, Sputnik Қазақстан
2024-01-21T12:22+0500
2024-01-21T12:22+0500
2024-01-21T12:27+0500
тележүргізуші
https://sputnik.kz/img/192/89/1928960_0:159:2993:1842_1920x0_80_0_0_f98fa1a09179cb3c2fe11c301280ad22.jpg
АСТАНА, 21 қаңтар – Sputnik. Қазақстандық тележүргізуші, "Хабар" ТРК бұрынғы бас директоры Владимир Рерих қайтыс болды. Ол жақында 66 жасқа толды. Оның қайтыс болғаны туралы ақпаратты бұрынғы әйелі, тележүргізуші Дана Нұржігіт растады. Олардың Әлім атты ортақ ұлы бар.Владимир Ахмедьянович Рерих 1958 жылдың 1 қаңтарында Талдықорған қаласында дүниеге келген.1987-1994 жылдары "Кеңестік Қазақстан" киножурналында режиссердің көмекшісі, редактор болып жұмыс істеді.Одан кейін "Қазақфильм" киностудиясында түрлі қызметтер атқарды.1996-2003 жылдары "Хабар" агенттігінде жұмыс істесе, 2006-2011 жылдар аралығында Еуразиялық медиа форумның бас продюсері болды.Ол сондай-ақ "Хабар" арнасындағы "Поздний Рерих" телебағдарламасының авторы және жүргізушісі болды.2012 жылы ол Германияға тұрақты қоныс аударды. Соңғы уақытта Владимир Рерих Youtube желісінде өзінің авторлық жобасымен айналысқан.
https://sputnik.kz/20231113/bolat-nazarbaev-qaytys-boldy-40116565.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/192/89/1928960_162:0:2829:2000_1920x0_80_0_0_ec420794e7ff2eda5022fcfe5e05f88d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
тележүргізуші
"Хабардың" бұрынғы бас директоры Владимир Рерих қайтыс болды
12:22 21.01.2024 (жаңартылды: 12:27 21.01.2024) Қазақстанның бас арнасын басқарған тележурналист Германияда қайтыс болды
АСТАНА, 21 қаңтар – Sputnik. Қазақстандық тележүргізуші, "Хабар" ТРК бұрынғы бас директоры Владимир Рерих қайтыс болды. Ол жақында 66 жасқа толды. Оның қайтыс болғаны туралы ақпаратты бұрынғы әйелі, тележүргізуші Дана Нұржігіт растады. Олардың Әлім атты ортақ ұлы бар.
Владимир Ахмедьянович Рерих 1958 жылдың 1 қаңтарында Талдықорған қаласында дүниеге келген.
1987-1994 жылдары "Кеңестік Қазақстан" киножурналында режиссердің көмекшісі, редактор болып жұмыс істеді.
Одан кейін "Қазақфильм" киностудиясында түрлі қызметтер атқарды.
1996-2003 жылдары "Хабар" агенттігінде жұмыс істесе, 2006-2011 жылдар аралығында Еуразиялық медиа форумның бас продюсері болды.
Ол сондай-ақ "Хабар" арнасындағы "Поздний Рерих" телебағдарламасының авторы және жүргізушісі болды.
2012 жылы ол Германияға тұрақты қоныс аударды. Соңғы уақытта Владимир Рерих Youtube желісінде өзінің авторлық жобасымен айналысқан.