https://sputnik.kz/20240121/auganstanda-undi-ushagy-apatqa-ushyrady-41717592.html
Үндістаннан Ресейге бет алған ұшақ Ауғанстанда апатқа ұшырады
Үндістаннан Ресейге бет алған ұшақ Ауғанстанда апатқа ұшырады
Sputnik Қазақстан
Апаттың алдын ала себебі техникалық ақау деп танылды 21.01.2024, Sputnik Қазақстан
2024-01-21T15:15+0500
2024-01-21T15:15+0500
2024-01-21T15:27+0500
ұшақ
https://sputnik.kz/img/07e6/07/0d/26109591_719:767:2997:2048_1920x0_80_0_0_e025eb27e62777edfb9104517284815e.jpg
АСТАНА, 21 қаңтар – Sputnik. Үндістанның жолаушылар ұшағы Ауғанстанның Бадахшан провинциясының тауларында апатқа ұшырады, деп хабарлайды Паджвак агенттігі жергілікті билік өкілдеріне сілтеме жасап."Жексенбі күні жергілікті шенеуніктер Үндістанның жолаушылар ұшағы Бадахшанның таулы аймақтарында құлағанын хабарлады", - делінген хабарламада.Ұшақ Бадахшан провинциясында техникалық ақауға байланысты құлаған. Агенттік ұшақтың үлгісін және бортта болған адамдардың санын нақтыламады."Талибан" қозғалысының өкілдері оқиғаның мән-жайын анықтау үшін аймаққа арнайы топ жіберілгенін мәлімдеді.Кейін Ауғанстанда жоғалып кеткен Falcon ұшағы Ресейдің азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізілімінде тіркелгені белгілі болды. Бұл туралы Росавиация хабарлады.Алдын ала болжам бойынша, бортта 6 адам болған: 4 экипаж мүшесі және 2 жолаушы.Falcon 1 Гая (Үндістан) - Ташкент - Жуковский бағыты бойынша чартерлік санитарлық рейсін орындаған. Росавиация жоғалған ұшаққа қатысты Ауғанстан мен Тәжікстанның авиациялық билігімен байланыста, кемені іздеу жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлады ведомстводағылар.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/07/0d/26109591_928:670:2765:2048_1920x0_80_0_0_1485ace99d57b2143d87e5a8d9f610f2.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ұшақ
Үндістаннан Ресейге бет алған ұшақ Ауғанстанда апатқа ұшырады
15:15 21.01.2024 (жаңартылды: 15:27 21.01.2024) Апаттың алдын ала себебі техникалық ақау деп танылды
АСТАНА, 21 қаңтар – Sputnik. Үндістанның жолаушылар ұшағы Ауғанстанның Бадахшан провинциясының тауларында апатқа ұшырады, деп хабарлайды Паджвак агенттігі жергілікті билік өкілдеріне сілтеме жасап.
"Жексенбі күні жергілікті шенеуніктер Үндістанның жолаушылар ұшағы Бадахшанның таулы аймақтарында құлағанын хабарлады", - делінген хабарламада.
Ұшақ Бадахшан провинциясында техникалық ақауға байланысты құлаған. Агенттік ұшақтың үлгісін және бортта болған адамдардың санын нақтыламады.
"Талибан" қозғалысының өкілдері оқиғаның мән-жайын анықтау үшін аймаққа арнайы топ жіберілгенін мәлімдеді.
Кейін Ауғанстанда жоғалып кеткен Falcon ұшағы Ресейдің азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізілімінде тіркелгені белгілі болды. Бұл туралы Росавиация хабарлады.
Алдын ала болжам бойынша, бортта 6 адам болған: 4 экипаж мүшесі және 2 жолаушы.
Falcon 1 Гая (Үндістан) - Ташкент - Жуковский бағыты бойынша чартерлік санитарлық рейсін орындаған.
Росавиация жоғалған ұшаққа қатысты Ауғанстан мен Тәжікстанның авиациялық билігімен байланыста, кемені іздеу жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлады ведомстводағылар.