Смайылов бірыңғай уақыт белдеуіне көшуді растайтын құжатқа қол қойды
© AFP 2024 / JEFF PACHOUDБудильник в момент перехода на зимнее время
© AFP 2024 / JEFF PACHOUD
Жазылу
Смайылов Қазақстанның барлық аумағында 5-ші уақыт белдеуін қолдануды тапсырды
АСТАНА, 20 қаңтар – Sputnik. Премьер-министр Әлихан Смайылов Қазақстанда уақыт белдеуін ауыстыру туралы қаулыға қол қойды, деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.
"ҚР аумағында Қазақстанның уақыт пен жиіліктің мемлекеттік бастапқы эталоны ұдайы жүргізетін, сақтайтын әрі беретін уақытты есептеу сағаттық белдеулердің халықаралық жүйесі бойынша жүргізіледі деп белгіленсін", — делінген хабарламада.
Смайылов Қазақстанның барлық аумағында 5-ші уақыт белдеуін қолдануды тапсырды.
"Астана, Алматы, Шымкент қалаларының, Абай, Ақмола, Алматы, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Ұлытау, Шығыс Қазақстан облыстарының әкімдіктері 2024 жылғы 29 ақпаннан 2024 жылғы 1 наурызға қараған түні (сағат 00:00-де) жергілікті уақытты 1 сағат артқа ауыстырсын", — деп нақтыланды құжатта.
Мәдениет және ақпарат министрлігі халықты Қазақстан Республикасының аумағында уақытты есептеу тәртібі туралы хабардар етуі тиіс.
Осы қаулы 2024 жылғы 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі.