Шетелден есірткі салынған ойыншықтарға тапсырыс берген адам сотталды

© Sputnik / Айсулу ЖумагуловаСуд по делу экс-главы "Казводхоз" Омирбека Жампозова
Суд по делу экс-главы Казводхоз Омирбека Жампозова - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.01.2024
Жазылу
Кінәлі тұлға сот үкімімен 10 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды
АСТАНА, 20 қаңтар – Sputnik. АҚШ-тан ішіне есірткі салырнған ойыншықтарға тапсырыс беріп, Қазақстанға алдыртпақ болған азамат10 жыл 6 айға сотталды, деп хабарлайды бас көлік прокуратурасының баспасөз қызметі.
Ведмоствоның мәліметінше, 2023 жылдың соңында алқабилер ірі көлемдегі есірткі контрабандасымен айналысқан "А." есімді азаматқа қатысты айыптау үкімін шығарды.
Кінәлі тұлға сот үкімімен 10 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.
"Мемлекеттік айыптаушы сотқа айыпталушының АҚШ-тан халықаралық пошта жөнелтілімдері арқылы ішіне есірткі салынған балалардың ойыншықтарына тапсырыс бергені және алғаны туралы бұлтартпас дәлелдер келтірді. Есірткі Қазақстан аумағында сату және одан материалдық пайда табу мақсатында алынып келінген", - делінген ведомство хабарламасында.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Жаңалықтар
0