https://sputnik.kz/20240120/qazaqstanda-investitsiyalyq-zhobalardyn-sany-artady-41703963.html
Қазақстанда инвестициялық жобалардың саны артады
Қазақстанда инвестициялық жобалардың саны артады
Sputnik Қазақстан
2023 жылы Жетісуда 52,8 миллиард теңгеге жоспарланған 47 инвестициялық жобаның барлығы іске қосылып, соның арқасында облыста 1200-ден астам жұмыс орны ашылды 20.01.2024, Sputnik Қазақстан
2024-01-20T15:51+0500
2024-01-20T15:51+0500
2024-01-20T15:51+0500
инвестиция
https://sputnik.kz/img/07e5/01/1a/16125361_0:160:3073:1889_1920x0_80_0_0_d0fcde4e65126dddfb0fc2f329354af2.jpg
АСТАНА, 20 қаңтар – Sputnik. Қазақстан премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен өткен инвестицияларды тарту жөніндегі кеңес отырысында энергетика саласындағы инвестициялық жобаларды іске асыру барысы қаралды, деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.Қазақстанда инвестициялық жобалардың жалпыұлттық пулы аясында бүгінде 61 ірі жобаны жүзеге асыру көзделген. Оның ішінде ЖЭК, ЖЭО нысандарын салу, газ және гидроэлектростанцияларын іске қосу қамтылған. 2023 жылғы көрсеткіштер инвестиция тарту бойынша жұмыстар реттелгенін көрсететіні айтылды. Мемлекеттік органдарға инвесторлармен өзара іс-қимылды күшейтіп, жобаларды белгіленген мерзімде пайдаланіға беруді қамтамасыз ету тапсырылды.Сондай-ақ өңірлерге инвестиция тарту мәселелері көтерілді. Мәселен, 2023 жылы Жетісуда 52,8 миллиард теңгеге жоспарланған 47 инвестициялық жобаның барлығы іске қосылып, соның арқасында облыста 1200-ден астам жұмыс орны ашылды. Оның ішінде жалпыұлттық пул аясында 10 ірі жоба жүзеге асырылды. Олардың қатарында қуаты 50 мегаватт жел электр стансасы, өнеркәсіптік аккумуляторлар шығаратын зауыт, мультимодальды көлік-логистикалық орталық және тағы басқа нысандар бар.Инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері Инвестициялық штаб отырыстарында тұрақты негізде қаралады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/01/1a/16125361_172:0:2903:2048_1920x0_80_0_0_a9ad1a91f7055fa028d5c74c3edaf490.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
инвестиция
Қазақстанда инвестициялық жобалардың саны артады
2023 жылы Жетісуда 52,8 миллиард теңгеге жоспарланған 47 инвестициялық жобаның барлығы іске қосылып, соның арқасында облыста 1200-ден астам жұмыс орны ашылды
АСТАНА, 20 қаңтар – Sputnik. Қазақстан премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен өткен инвестицияларды тарту жөніндегі кеңес отырысында энергетика саласындағы инвестициялық жобаларды іске асыру барысы қаралды, деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.
Қазақстанда инвестициялық жобалардың жалпыұлттық пулы аясында бүгінде 61 ірі жобаны жүзеге асыру көзделген. Оның ішінде ЖЭК, ЖЭО нысандарын салу, газ және гидроэлектростанцияларын іске қосу қамтылған. 2023 жылғы көрсеткіштер инвестиция тарту бойынша жұмыстар реттелгенін көрсететіні айтылды. Мемлекеттік органдарға инвесторлармен өзара іс-қимылды күшейтіп, жобаларды белгіленген мерзімде пайдаланіға беруді қамтамасыз ету тапсырылды.
Сондай-ақ өңірлерге инвестиция тарту мәселелері көтерілді. Мәселен, 2023 жылы Жетісуда 52,8 миллиард теңгеге жоспарланған 47 инвестициялық жобаның барлығы іске қосылып, соның арқасында облыста 1200-ден астам жұмыс орны ашылды. Оның ішінде жалпыұлттық пул аясында 10 ірі жоба жүзеге асырылды. Олардың қатарында қуаты 50 мегаватт жел электр стансасы, өнеркәсіптік аккумуляторлар шығаратын зауыт, мультимодальды көлік-логистикалық орталық және тағы басқа нысандар бар.
Инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері Инвестициялық штаб отырыстарында тұрақты негізде қаралады.