https://sputnik.kz/20240120/qalagan-molsherdegi-zeynetaqy-alu-ushin-qansha-aqsha-zhinau-kerek--bzhzq-zhauap-berdi-41703784.html
Қалаған мөлшердегі зейнетақы алу үшін қанша ақша жинау керек – БЖЗҚ жауап берді
Қалаған мөлшердегі зейнетақы алу үшін қанша ақша жинау керек – БЖЗҚ жауап берді
Sputnik Қазақстан
Әрбір қазақстандық өзінің зейнетке шығуын жоспарлай алады 20.01.2024, Sputnik Қазақстан
2024-01-20T15:13+0500
2024-01-20T15:13+0500
2024-01-20T15:13+0500
зейнет жасы
https://sputnik.kz/img/1281/12/12811218_90:0:3354:1836_1920x0_80_0_0_77b28d6e8451d3ecc8f7359776f60c4b.jpg
АСТАНА, 20 қаңтар – Sputnik. БЖЗҚ қазақстандықтарға ай сайын зейнетақы қорына қанша жарна салуын өзі таңдай алатын жаңа құрал шығарды. 2022-2026 жылдарға арналған корпоративтік стратегияның аясында ұсынылған бұл құрал жинақтаушыларға болашақ зейнетақысын басқаруға мүмкіндік береді. Бұл туралы қордың баспасөз қызметі хабарлады.Қордың мәліметінше, БЖЗҚ алдағы уақыттағы зейнетақыны жоспарлаудың жаңа құралы – жеке зейнетақы жинақ жоспарын енгізуді жоспарлап жатыр.Қалыпты зейнетақы калькуляторларына қарағанда жаңа құрал алдағы уақытта алатын зейнетақы мөлшерін есептеп қана қоймай, сонымен қатар пайдаланушыға мынандай мүмкіндіктер береді:Алдағы уақытта алатын зейнетақыны болжамды есептеу мыналарды қамтиды:БЖЗҚ-ға қызметкерлердің табысынан төленетін міндетті зейнетақы жарналарының (МЗЖ) 10%-ы;Жұмыс беруші зиянды еңбек жағдайында жұмыс істейтін қызметкерлердің пайдасына БЖЗҚ-ға аударатын міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының (МЗЖ) 5%-ы.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1281/12/12811218_498:0:2946:1836_1920x0_80_0_0_383a2b63eee2b14fea17a76b7431065d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
зейнет жасы
Қалаған мөлшердегі зейнетақы алу үшін қанша ақша жинау керек – БЖЗҚ жауап берді
Әрбір қазақстандық өзінің зейнетке шығуын жоспарлай алады
АСТАНА, 20 қаңтар – Sputnik. БЖЗҚ қазақстандықтарға ай сайын зейнетақы қорына қанша жарна салуын өзі таңдай алатын жаңа құрал шығарды. 2022-2026 жылдарға арналған корпоративтік стратегияның аясында ұсынылған бұл құрал жинақтаушыларға болашақ зейнетақысын басқаруға мүмкіндік береді. Бұл туралы қордың баспасөз қызметі хабарлады.
Қордың мәліметінше, БЖЗҚ алдағы уақыттағы зейнетақыны жоспарлаудың жаңа құралы – жеке зейнетақы жинақ жоспарын енгізуді жоспарлап жатыр.
Қалыпты зейнетақы калькуляторларына қарағанда жаңа құрал алдағы уақытта алатын зейнетақы мөлшерін есептеп қана қоймай, сонымен қатар пайдаланушыға мынандай мүмкіндіктер береді:
қажетті зейнетақы мөлшеріне қол жеткізу үшін жарна мөлшерін өз бетінше анықтау;
автоматтандырылған хабарламалар арқылы жоспардың орындалуын бақылау.
Алдағы уақытта алатын зейнетақыны болжамды есептеу мыналарды қамтиды:
мемлекеттік бюджет есебінен төленетін зейнетақы (базалық зейнетақы және ынтымақты (еңбек) зейнетақы).
Мыналардың есебінен БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы:
БЖЗҚ-ға қызметкерлердің табысынан төленетін міндетті зейнетақы жарналарының (МЗЖ) 10%-ы;
Жұмыс беруші зиянды еңбек жағдайында жұмыс істейтін қызметкерлердің пайдасына БЖЗҚ-ға аударатын міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының (МЗЖ) 5%-ы.
Қызметкер де, оның жұмыс берушісі де аудара алатын ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен БЖЗҚ-дан берілетін зейнетақы.
"Бұл қызмет салымшыларға өзінің алдағы уақытта алатын зейнетақысын жоспарлауға, жоспардың орындалуын бақылауға және кез келген уақытта түзетулер енгізуге бірегей мүмкіндік береді. Бұл – зейнетақы жинақтау саласындағы дараландыру мен ашықтыққа қарай жасалған қадам", - деп мәлімдеді "БЖЗҚ" АҚ өкілдері.