https://sputnik.kz/20240119/toqaev-vatikanda-rim-papasy-frantsiskpen-kezdesti-41694520.html
Тоқаев Ватиканда Рим Папасы Францискпен кездесті
Тоқаев Ватиканда Рим Папасы Францискпен кездесті
Sputnik Қазақстан
Мемлекет басшысының айтуынша, барлық діндердің өкілдері әділетті Қазақстанды құруға елеулі үлес қосып келеді 19.01.2024, Sputnik Қазақстан
2024-01-19T16:40+0500
2024-01-19T16:40+0500
2024-01-19T16:40+0500
қасым-жомарт тоқаев
https://sputnik.kz/img/07e8/01/13/41693567_0:0:1280:720_1920x0_80_0_0_84e1f10f02f9013251e1ee232ccadf19.jpg
АЛМАТЫ, 19 қаңтар - Sputnik. Мемлекет басшысы Рим Папасының шақыруымен Қасиетті Таққа алғашқы ресми сапарын жасады.Тоқаев сөзінің басында әлемдегі адамзаттың игілігі жолындағы қажымас қайраты мен қажырлы күш-жігері үшін Католик шіркеуінің Жоғарғы Понтификіне ризашылығын білдірді.Мемлекет басшысының айтуынша, барлық діндердің өкілдері әділетті Қазақстанды құруға елеулі үлес қосып келеді.Қазақстан Президенті Рим Папасы Францисктің "Қалаға және әлемге" атты дәстүрлі Жолдауын еске сала отырып, оның "Бейбітшілік – ең алдымен Құдайдың сыйы. Бірақ бұл – бәрімізге жүктелген үлкен жауапкершілік" деген сөздерін толық қолдайтынын жеткізді."Сіздің ұстанымыңызды толығымен құптай отырып, біз көптеген айырмашылықтарымызға қарамастан, бейбітшілік идеяларын, мәдениеттер мен діндер арасындағы тұрақты диалогты, әртүрлі дінді ұстанатын адамдардың игілігі жолындағы дамуды ілгерілету үшін баршамызға бірлік керек екеніне сенімдімін. Ізгі ниет білдіруге уақыт жеткілікті, келіссөздер жүргізуге кеңістік те бар, даналық танытуға әлі де мүмкіндік мол", – деді мемлекет басшысы.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/01/13/41693567_59:0:1222:872_1920x0_80_0_0_ba447698fa44b8e9bab5850827eaea9f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев
Тоқаев Ватиканда Рим Папасы Францискпен кездесті
Мемлекет басшысының айтуынша, барлық діндердің өкілдері әділетті Қазақстанды құруға елеулі үлес қосып келеді
АЛМАТЫ, 19 қаңтар - Sputnik. Мемлекет басшысы Рим Папасының шақыруымен Қасиетті Таққа алғашқы ресми сапарын жасады.
Тоқаев сөзінің басында әлемдегі адамзаттың игілігі жолындағы қажымас қайраты мен қажырлы күш-жігері үшін Католик шіркеуінің Жоғарғы Понтификіне ризашылығын білдірді.
"Сіздің дүниежүзі халқына бейбітшілік тілеген дұғаларыңыз мыңдаған католиктің ғана емес, басқа діндерді ұстанатын көптеген отандастарымыздың жүрегінен орын алып, саналарына сенім мен үміт ұялатты. Бүгінде өркениеттер тоғысында орналасқан көпұлтты және көпконфессиялы Қазақстан Орталық Азиядағы ең ірі католик қауымының өз үйіне айналды", – деді президент.
Мемлекет басшысының айтуынша, барлық діндердің өкілдері әділетті Қазақстанды құруға елеулі үлес қосып келеді.
Қазақстан Президенті Рим Папасы Францисктің "Қалаға және әлемге" атты дәстүрлі Жолдауын еске сала отырып, оның "Бейбітшілік – ең алдымен Құдайдың сыйы. Бірақ бұл – бәрімізге жүктелген үлкен жауапкершілік" деген сөздерін толық қолдайтынын жеткізді.
"Сіздің ұстанымыңызды толығымен құптай отырып, біз көптеген айырмашылықтарымызға қарамастан, бейбітшілік идеяларын, мәдениеттер мен діндер арасындағы тұрақты диалогты, әртүрлі дінді ұстанатын адамдардың игілігі жолындағы дамуды ілгерілету үшін баршамызға бірлік керек екеніне сенімдімін. Ізгі ниет білдіруге уақыт жеткілікті, келіссөздер жүргізуге кеңістік те бар, даналық танытуға әлі де мүмкіндік мол", – деді мемлекет басшысы.