Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Ресейде АӘО қатысушыларына көмектесетін дәрігерлер әлеуметтік төлемдерді биыл да алады

© Photo : Сайт минобороны РФРасчеты ОТРК "Искандер-М" ВВО
Расчеты ОТРК Искандер-М ВВО  - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.01.2024
Жазылу
Хирургтерге, анестезиологтар мен реаниматологтарға төленетін төлемдердің ең жоғары мөлшері айына 100 мың рубльді құрайды
АСТАНА, 19 қаңтар – Sputnik. Ресей Федерациясының үкіметі 2024 жылы арнайы әскери операция қатысушыларына көмек көрсететін медицина қызметкерлерін әлеуметтік қолдау шараларын кеңейтті, деп хабарланған РФ министрлер кабинетінің сайтында.
"Арнайы операцияға қатысушыларға көмек көрсететін медицина қызметкерлері 2024 жылы әлеуметтік төлемдерді алуды жалғастырады. Бұл туралы қаулыға қол қойылды", - деп жазылған хабарламада.
Сарбаздарға көмек көрсететін медицина қызметкерлерін әлеуметтік қолдау шаралары 2023 жылдың көктемінде белгіленді. Төлемдердің нақты мөлшері атқаратын лауазымына және жалпы жұмыс уақытына байланысты болады.
Медициналық ұйымдардың басшыларына, хирургиялық бөлімшелердің меңгерушілеріне, хирургиялық операцияларға қатысатын хирургтерге, анестезиологтар мен реаниматологтарға төленетін төлемдердің ең жоғары мөлшері айына 100 мың рубльді құрайды.
"Дәл осындай төлемдер аға дәрігерлер мен жедел жәрдем және шұғыл медициналық көмек көрсету қызметінің дәрігерлері, сондай-ақ сот-медициналық сараптама жүргізетін дәрігерлер үшін қарастырылған", - деп түсіндірді министрлер кабинетіндегілер.
Медициналық ұйымдар басшысының орынбасарларына, дәрігерлерге, бас медбикелерге, жаралыларға стационарлық жағдайда мамандандырылған медициналық көмек көрсетілетін бөлімшелердің меңгерушілеріне 60 мың рубльге дейінгі мөлшердегі төлемдер қарастырылған.
Хирургиялық операцияларға қатысатын, сондай-ақ анестезиологтар мен реаниматологтарға көмек көрсететін орта кәсіптік медициналық білімі бар мамандарға ең жоғары төлем айына 40 мың рубльді құрайды. Дәл осы сома жедел медициналық жәрдем бригадаларында жұмыс істейтін медицина қызметкерлеріне, сондай-ақ сот-медициналық сараптамаға қатысатындарға да қарастырылған.
Ауруханаларда мамандандырылған медициналық көмек көрсетумен айналысатын медицина қызметкерлеріне төлемдердің ең жоғары мөлшері айына 30 мың рубльді құрайды. Ауруханаларда мамандандырылған көмек көрсететін кіші медицина қызметкерлері, сондай-ақ жедел жәрдем станциялары мен сот-медициналық сараптама мекемелерінің кіші қызметкерлері мен басқа қызметкерлері үшін төлемдер айына 20 мың рубльге дейін болады.
Жаңалықтар
0