https://sputnik.kz/20240119/qazaqstanda-tubegeyli-reformalar-bastalady-toqaev-italyandyq-biznes-okilderimen-kezdesti-41669673.html
Қазақстанда түбегейлі реформалар басталады: Тоқаев италиялық бизнес өкілдерімен кездесті
Қазақстанда түбегейлі реформалар басталады: Тоқаев италиялық бизнес өкілдерімен кездесті
Sputnik Қазақстан
Қазақстан президенті Римде өткен кездесуде халықаралық деңгейдегі 30-дан астам компания басшыларының алдында сөз сөйледі 19.01.2024, Sputnik Қазақстан
2024-01-19T07:06+0500
2024-01-19T07:06+0500
2024-01-19T07:40+0500
қасым-жомарт тоқаев
https://sputnik.kz/img/07e8/01/13/41665474_4:0:1277:716_1920x0_80_0_0_0cb629ddef1cd8bc816241db52bf282c.jpg
АСТАНА, 19 қаңтар - Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан-Италия" инвестициялық дөңгелек үстелінің отырысына қатысты.Мемлекет басшысы Италияның бизнес "капитандарына" Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері туралы жан-жақты мәлімет берді. Оның айтуынша, әлемдегі геосаяси жағдайға қарамастан, еліміз аймақтағы ең ірі және қарқынды дамып келе жатқан экономикалардың бірі ретіндегі орнын сенімді түрде сақтап отыр.Тоқаев республикада елдің нарықтық және бәсекеге қабілетті экономикасын нығайтуға бағытталған жаңа реформалар басталатыны туралы хабарлады."Қазақстанда таяу арада экономикамыздың ашық, сенімді және қарқынды дамуына ықпал ететін аса маңызды әрі түбегейлі реформалар басталады. Мұны сіздерге сенімді түрде айта аламын. Мақсатымыз – Қазақстандағы стандарттарды, ережелерді және бизнес жүргізу тәжірибесін Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының деңгейіне жеткізу", - деп атап өтті президент.Тоқаевтың пікірінше, энергетика саласы – екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың негізгі бағыты."Қазақстан мұнайының 80 пайыздан астамы Еуропаға экспортталады. Бұл Еуропа Одағына қажет мұнайдың шамамен 10 пайызын қамтамасыз етеді", - де еске салды ол.Президент Италияны Қазақстанның ұзақ жылдан бергі және сенімді энергетикалық серіктесі деп атады. Италиялық ENI компаниясының Қазақстан экономикасына қосқан үлесін жоғары бағалады. Италия компанияларын мұнай-газ саласында сервистік қызмет көрсету ісіне атсалысуға шақырды.Президент жаңартылатын энергия саласындағы ынтымақтастықтың келешегі туралы айта келе, Қазақстан өңірде бірінші болып Париж келісімін ратификациялаған мемлекет ретінде 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізу жөнінде міндеттеме алғанын атап өтті.Оның айтуынша, жаңартылатын энергия саласындағы Қазақстанның әлеуеті 1 триллион кВт/сағ деп бағаланады. Оған Францияның Total, Сауд Арабиясының ACWA Power, Біріккен Араб Әмірліктерінің Masdar және Германия мен Швецияның Svevind Energy Group сияқты ірі жаһандық компаниялары қызығушылық танытты."Бұл компаниялар қуаты 43 ГВт болатын жаңартылатын энергияны өндіру жөніндегі жобаларды жүзеге асыруға ниетті. Италияда электр энергиясының үштен бірі "жасыл энергетика" көздері есебінен өндірілетіні белгілі. Осы тәжірибені ескерсек, италиялық компаниялар да аталған жобаларды іске асыруға ниет білдірген кәсіпорындардың қатарына қосыла алады", - деді президент.Мемлекет басшысы технологиялық революцияны және алдағы уақытта аса маңызды шикізатты өндіру және өңдеу саласында жаһандық сұраныстың еселеп өсетіні жөніндегі болжамды ескеріп, Италия кәсіпкерлерін осы бағытта ынтымақтастық орнатуға шақырды."Дүниежүзілік банктің бағалауынша, Қазақстанда құны 46 триллион доллардан асатын бес мыңнан астам барланбаған кен орны бар. Бүгінде біз Еуропа Одағына мүше елдердің экономикасына қажетті ең маңызды 34 шикізаттың 19 түрін өндіреміз. Қажетті инвестиция болса, кобальт, вольфрам, литий сияқты пайдалы қазбалардың 9 түрін игеруге болады", – деді Тоқаев.Президенттің айтуынша, көлік-логистика – ынтымақтастықтың тағы бір өзекті саласы. Қазақстан өңірлік хабқа айналу үшін Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамытуды белсенді түрде қолға алды."Орта дәліз "Бір белдеу, бір жол" бастамасын толықтырады. Біз оны Еуропа Одағының Трансеуропалық көлік желісімен және "Жаһандық қақпа" стратегиясымен ұштастыруды көздеп отырмыз. Сонымен қатар "Үлкен жетіліктің" Жаһандық инфрақұрылым және инвестициялар саласындағы серіктестігі (PGII) жөніндегі бастамасын қолдаймыз", - деп мәлімдеді Тоқаев.Оның айтуынша, соңғы 15 жылда Қазақстан көлік инфрақұрылымына 35 миллиард доллардан артық қаржы құйды."Алдағы үш жылда 1300 шақырымнан астам теміржол желісін салуды жоспарлап отырмыз. Бұл Қытай, Оңтүстік Азия және Еуропа бағыттарындағы тауар тасымалын ұлғайтуға мүмкіндік береді", - деп атап өтті мемлекет басшысы.Ол италиялық инвесторларды біздің айлақтарымызды дамыту, жүк тасымалдаушы кемелерді бірлесе шығару және логистикалық орталықтар құру ісіне белсенді атсалысуға шақырды."Қазақстан аумағы арқылы өтетін 13 халықаралық бағыттың, сондай-ақ Алматы мен Милан арасындағы тікелей әуе рейстерінің арқасында екі елдің қарым-қатынасы бұрынғыдан да беки түсті. Біз Астананы Рим және Милан қалаларымен жалғайтын тікелей рейстерді ашу жоспарын қуана құптаймыз", - деді президент.Тоқаев ауыл шаруашылығы саласында бірлескен инвестициялық жобаларды тиімді жүзеге асыру үшін зор әлеует бар екеніне тоқталып, Италия бизнес-элитасының назарын осы бағытқа аударды. Территориямыздың 70 пайыздан астамы ауыл шаруашылығына жарамды екенін айтты."Еліміз Орталық Азиядағы астықты өлке саналады. Біз бидай мен ұн өндіру бойынша әлемдегі он елдің қатарына кіреміз. Ауыл шаруашылығы өнімдеріміз әлемнің 80-нен астам еліне жеткізіледі. Әлемде азық-түлік тапшылығы артып келе жатқанын ескере отырып, біз осы сектордың өнімділігін үш есе және экспортты екі есе арттыруды көздеп отырмыз. Қазақстан италиялық серіктестерімен бірге дәнді және майлы дақылдарды өсіру, сондай-ақ макорон, ет және сүт өнімдерін өндіру бағыттарындағы ынтымақтастықты дамытуға мүдделі", – деді президент.Мемлекет басшысы дөңгелек үстелге қатысушыларды биотехнология, фармацевтика салаларындағы инвестициялық мүмкіндіктер туралы хабардар етті. Қасым-Жомарт Тоқаев Италияның бірқатар ірі компанияларын Қазақстанда жергілікті өндіріс ашуға шақырды.Бұдан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаев IT-саласын дамытудың және "Астана" халықаралық қаржы орталығының артықшылықтарына арнайы тоқталды.Мемлекет басшысы сөзін қорытындылай келе, Қазақстанның әлеуетті инвесторларға жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін айтты. Сондай-ақ кездесуге қатысушыларды "Астана" халықаралық форумына қатысуға шақырды.Жиын барысында Италия Республикасы Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары – Сыртқы істер және халықаралық ынтымақтастық министрі Антонио Таяни, CDP тобының бас атқарушы директоры Дарио Сканнапьеко, Confindustria компаниясының интернационалдандыру жөніндегі вице-президенті Барбара Джакомелло, CONFAPI компаниясының президенті Кристиан Камиса, Leonardo SpA тобының президенті Стефано Понтекорво, Fincantieri SpA компаниясының бас атқарушы директоры Пьерроберто Фолгьеро, PetrolValves компаниясының бас атқарушы директоры Сандро Малкори, Pietro Fiorentini компаниясының бас атқарушы директоры Паоло Нарди және тағы басқалар экономиканың тиісті салалары бойынша Қазақстанмен арадағы ынтымақтастықты дамыту перспективаларына қатысты көзқарастарын білдірді.Инвестициялық дөңгелек үстел аяқталған соң, Мемлекет басшысының қатысуымен бірқатар екіжақты құжаттарға қол қою рәсімі өтті.1. "Самұрық-Қазына" АҚ мен Balestra арасындағы Түркістан облысы Созақ ауданы Тайқоңыр ауылында қуаты жылына 800 мың тонна болатын күкірт қышқылы зауытын салу жобасының шарттары мен мерзімін айқындайтын келісім;2. "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ мен SACE арасындағы экономиканың басым секторларындағы инвестициялық жобалар жөнінде Италияның қатысуымен жасалған мәмілелерді сақтандыру лимитін белгілеу туралы негіздемелік келісім;3. "Самұрық-Энерго" АҚ мен Ansaldo Energia SpA арасындағы қуаты 544 МВт-қа дейін жететін бу-газ қондырғысын салу арқылы Алматыдағы үшінші ЖЭО-ны реконструкциялауды көздейтін ынтымақтастық туралы келісім;4. Қазақстандағы италиялық кәсіпорындарды және Италиядағы қазақстандық кәсіпорындарды қолдауға, сондай-ақ Қазақстан мен Италия бизнесі арасындағы экономикалық және сауда қатынастарын нығайтуға бағытталған "Атамекен" ҰКП мен Confiindustria арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/01/13/41665474_163:0:1118:716_1920x0_80_0_0_c8f869d741ce23608d19467380644d33.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев
Қазақстанда түбегейлі реформалар басталады: Тоқаев италиялық бизнес өкілдерімен кездесті
07:06 19.01.2024 (жаңартылды: 07:40 19.01.2024) Қазақстан президенті Римде өткен кездесуде халықаралық деңгейдегі 30-дан астам компания басшыларының алдында сөз сөйледі
АСТАНА, 19 қаңтар - Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан-Италия" инвестициялық дөңгелек үстелінің отырысына қатысты.
Мемлекет басшысы Италияның бизнес "капитандарына" Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері туралы жан-жақты мәлімет берді. Оның айтуынша, әлемдегі геосаяси жағдайға қарамастан, еліміз аймақтағы ең ірі және қарқынды дамып келе жатқан экономикалардың бірі ретіндегі орнын сенімді түрде сақтап отыр.
"Былтыр еліміздің экономикалық өсімі 5,1 пайыз деңгейінде болды. Бұл – болжамды жаһандық көрсеткішке қарағанда шамамен 2 есе жоғары (Дүниежүзілік банк – 2,6%, БҰҰ – 2,7%). Біздің орта мерзімді перспективадағы стратегиялық мақсатымыз – 2029 жылға қарай экономиканың көлемін екі есе ұлғайтуға мүмкіндік беретін 6-7 пайыздық өсімге қол жеткізу", - деді Қазақстан президенті.
Тоқаев республикада елдің нарықтық және бәсекеге қабілетті экономикасын нығайтуға бағытталған жаңа реформалар басталатыны туралы хабарлады.
"Қазақстанда таяу арада экономикамыздың ашық, сенімді және қарқынды дамуына ықпал ететін аса маңызды әрі түбегейлі реформалар басталады. Мұны сіздерге сенімді түрде айта аламын. Мақсатымыз – Қазақстандағы стандарттарды, ережелерді және бизнес жүргізу тәжірибесін Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының деңгейіне жеткізу", - деп атап өтті президент.
Тоқаевтың пікірінше, энергетика саласы – екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың негізгі бағыты.
"Қазақстан мұнайының 80 пайыздан астамы Еуропаға экспортталады. Бұл Еуропа Одағына қажет мұнайдың шамамен 10 пайызын қамтамасыз етеді", - де еске салды ол.
Президент Италияны Қазақстанның ұзақ жылдан бергі және сенімді энергетикалық серіктесі деп атады. Италиялық ENI компаниясының Қазақстан экономикасына қосқан үлесін жоғары бағалады. Италия компанияларын мұнай-газ саласында сервистік қызмет көрсету ісіне атсалысуға шақырды.
Президент жаңартылатын энергия саласындағы ынтымақтастықтың келешегі туралы айта келе, Қазақстан өңірде бірінші болып Париж келісімін ратификациялаған мемлекет ретінде 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізу жөнінде міндеттеме алғанын атап өтті.
Оның айтуынша, жаңартылатын энергия саласындағы Қазақстанның әлеуеті 1 триллион кВт/сағ деп бағаланады. Оған Францияның Total, Сауд Арабиясының ACWA Power, Біріккен Араб Әмірліктерінің Masdar және Германия мен Швецияның Svevind Energy Group сияқты ірі жаһандық компаниялары қызығушылық танытты.
"Бұл компаниялар қуаты 43 ГВт болатын жаңартылатын энергияны өндіру жөніндегі жобаларды жүзеге асыруға ниетті. Италияда электр энергиясының үштен бірі "жасыл энергетика" көздері есебінен өндірілетіні белгілі. Осы тәжірибені ескерсек, италиялық компаниялар да аталған жобаларды іске асыруға ниет білдірген кәсіпорындардың қатарына қосыла алады", - деді президент.
Мемлекет басшысы технологиялық революцияны және алдағы уақытта аса маңызды шикізатты өндіру және өңдеу саласында жаһандық сұраныстың еселеп өсетіні жөніндегі болжамды ескеріп, Италия кәсіпкерлерін осы бағытта ынтымақтастық орнатуға шақырды.
"Дүниежүзілік банктің бағалауынша, Қазақстанда құны 46 триллион доллардан асатын бес мыңнан астам барланбаған кен орны бар. Бүгінде біз Еуропа Одағына мүше елдердің экономикасына қажетті ең маңызды 34 шикізаттың 19 түрін өндіреміз. Қажетті инвестиция болса, кобальт, вольфрам, литий сияқты пайдалы қазбалардың 9 түрін игеруге болады", – деді Тоқаев.
Президенттің айтуынша, көлік-логистика – ынтымақтастықтың тағы бір өзекті саласы. Қазақстан өңірлік хабқа айналу үшін Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамытуды белсенді түрде қолға алды.
"Орта дәліз "Бір белдеу, бір жол" бастамасын толықтырады. Біз оны Еуропа Одағының Трансеуропалық көлік желісімен және "Жаһандық қақпа" стратегиясымен ұштастыруды көздеп отырмыз. Сонымен қатар "Үлкен жетіліктің" Жаһандық инфрақұрылым және инвестициялар саласындағы серіктестігі (PGII) жөніндегі бастамасын қолдаймыз", - деп мәлімдеді Тоқаев.
Оның айтуынша, соңғы 15 жылда Қазақстан көлік инфрақұрылымына 35 миллиард доллардан артық қаржы құйды.
"Алдағы үш жылда 1300 шақырымнан астам теміржол желісін салуды жоспарлап отырмыз. Бұл Қытай, Оңтүстік Азия және Еуропа бағыттарындағы тауар тасымалын ұлғайтуға мүмкіндік береді", - деп атап өтті мемлекет басшысы.
Ол италиялық инвесторларды біздің айлақтарымызды дамыту, жүк тасымалдаушы кемелерді бірлесе шығару және логистикалық орталықтар құру ісіне белсенді атсалысуға шақырды.
"Қазақстан аумағы арқылы өтетін 13 халықаралық бағыттың, сондай-ақ Алматы мен Милан арасындағы тікелей әуе рейстерінің арқасында екі елдің қарым-қатынасы бұрынғыдан да беки түсті. Біз Астананы Рим және Милан қалаларымен жалғайтын тікелей рейстерді ашу жоспарын қуана құптаймыз", - деді президент.
Тоқаев ауыл шаруашылығы саласында бірлескен инвестициялық жобаларды тиімді жүзеге асыру үшін зор әлеует бар екеніне тоқталып, Италия бизнес-элитасының назарын осы бағытқа аударды. Территориямыздың 70 пайыздан астамы ауыл шаруашылығына жарамды екенін айтты.
"Еліміз Орталық Азиядағы астықты өлке саналады. Біз бидай мен ұн өндіру бойынша әлемдегі он елдің қатарына кіреміз. Ауыл шаруашылығы өнімдеріміз әлемнің 80-нен астам еліне жеткізіледі. Әлемде азық-түлік тапшылығы артып келе жатқанын ескере отырып, біз осы сектордың өнімділігін үш есе және экспортты екі есе арттыруды көздеп отырмыз. Қазақстан италиялық серіктестерімен бірге дәнді және майлы дақылдарды өсіру, сондай-ақ макорон, ет және сүт өнімдерін өндіру бағыттарындағы ынтымақтастықты дамытуға мүдделі", – деді президент.
Мемлекет басшысы дөңгелек үстелге қатысушыларды биотехнология, фармацевтика салаларындағы инвестициялық мүмкіндіктер туралы хабардар етті. Қасым-Жомарт Тоқаев Италияның бірқатар ірі компанияларын Қазақстанда жергілікті өндіріс ашуға шақырды.
Бұдан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаев IT-саласын дамытудың және "Астана" халықаралық қаржы орталығының артықшылықтарына арнайы тоқталды.
Мемлекет басшысы сөзін қорытындылай келе, Қазақстанның әлеуетті инвесторларға жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін айтты. Сондай-ақ кездесуге қатысушыларды "Астана" халықаралық форумына қатысуға шақырды.
Жиын барысында Италия Республикасы Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары – Сыртқы істер және халықаралық ынтымақтастық министрі Антонио Таяни, CDP тобының бас атқарушы директоры Дарио Сканнапьеко, Confindustria компаниясының интернационалдандыру жөніндегі вице-президенті Барбара Джакомелло, CONFAPI компаниясының президенті Кристиан Камиса, Leonardo SpA тобының президенті Стефано Понтекорво, Fincantieri SpA компаниясының бас атқарушы директоры Пьерроберто Фолгьеро, PetrolValves компаниясының бас атқарушы директоры Сандро Малкори, Pietro Fiorentini компаниясының бас атқарушы директоры Паоло Нарди және тағы басқалар экономиканың тиісті салалары бойынша Қазақстанмен арадағы ынтымақтастықты дамыту перспективаларына қатысты көзқарастарын білдірді.
Инвестициялық дөңгелек үстел аяқталған соң, Мемлекет басшысының қатысуымен бірқатар екіжақты құжаттарға қол қою рәсімі өтті.
1. "Самұрық-Қазына" АҚ мен Balestra арасындағы Түркістан облысы Созақ ауданы Тайқоңыр ауылында қуаты жылына 800 мың тонна болатын күкірт қышқылы зауытын салу жобасының шарттары мен мерзімін айқындайтын келісім;
2. "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ мен SACE арасындағы экономиканың басым секторларындағы инвестициялық жобалар жөнінде Италияның қатысуымен жасалған мәмілелерді сақтандыру лимитін белгілеу туралы негіздемелік келісім;
3. "Самұрық-Энерго" АҚ мен Ansaldo Energia SpA арасындағы қуаты 544 МВт-қа дейін жететін бу-газ қондырғысын салу арқылы Алматыдағы үшінші ЖЭО-ны реконструкциялауды көздейтін ынтымақтастық туралы келісім;
4. Қазақстандағы италиялық кәсіпорындарды және Италиядағы қазақстандық кәсіпорындарды қолдауға, сондай-ақ Қазақстан мен Италия бизнесі арасындағы экономикалық және сауда қатынастарын нығайтуға бағытталған "Атамекен" ҰКП мен Confiindustria арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум.