https://sputnik.kz/20240119/qazaqstanda-kukirt-qyshqylyn-shygaratyn-zauyt-salynady-41672650.html
Елімізде күкірт қышқылын шығаратын зауыт салынады
Елімізде күкірт қышқылын шығаратын зауыт салынады
Sputnik Қазақстан
Түркістан облысында бірқатар өнеркәсіптік өндіріске қажетті, сондай-ақ уран өндіру үшін маңызды күкірт қышқылын шығаратын зауыт салынады 19.01.2024, Sputnik Қазақстан
2024-01-19T09:13+0500
2024-01-19T09:13+0500
2024-01-19T10:43+0500
зауыт
https://sputnik.kz/img/1157/86/11578658_0:160:3072:1888_1920x0_80_0_0_3bad53314865b08b56592bcb061de799.jpg
АСТАНА, 19 қаңтар – Sputnik. Римде зауыт жобасы бойынша келісімге "Самұрық-Қазына" қоры мен италиялық Balestra компаниясы қол қойды, деп хабарлады қордың баспасөз қызметі.Құжатта өндіріс нысанын салу жобасының шарттары мен талаптары қамтылған.Бұған дейін атомдық компания уран өндіруге қажетті күкірт қышқылын жеткізуде қиындықтар туындағанын хабарлаған.Сонымен қатар қор италиялық Cassa Depositi e Prestiti ұлттық даму институтымен өнеркәсіпке, энергетикалық көшу жобаларына (соның ішінде жаңартылатын энергия көздеріне) және логистикаға баса назар аудара отырып, көптеген салаларда ынтымақтасады."Қол жеткізген келісімдер негізінде тараптар бірлескен инвестициялық қор құру арқылы инвестициялау мүмкіндігін қарастыруда", - деді "Самұрық-Қазына" өкілдері.CDP – Италияның ұлттық даму институты, Италияның экономикалық өсуінің негізгі драйверлерінің бірі.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1157/86/11578658_171:0:2902:2048_1920x0_80_0_0_662f19920f69510e249810f9ad06eacf.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
зауыт
Елімізде күкірт қышқылын шығаратын зауыт салынады
09:13 19.01.2024 (жаңартылды: 10:43 19.01.2024) Түркістан облысында бірқатар өнеркәсіптік өндіріске қажетті, сондай-ақ уран өндіру үшін маңызды күкірт қышқылын шығаратын зауыт салынады
АСТАНА, 19 қаңтар – Sputnik. Римде зауыт жобасы бойынша келісімге "Самұрық-Қазына" қоры мен италиялық Balestra компаниясы қол қойды, деп хабарлады қордың баспасөз қызметі.
Құжатта өндіріс нысанын салу жобасының шарттары мен талаптары қамтылған.
"Түркістан облысының Созақ ауданында қуаттылығы 800 мың тонна болатын зауыт пайда болады. Ол "Қазатомөнеркәсіпті" күкірт қышқылымен қамтамасыз етеді", - деді қор басшысы Жақыпов.
Бұған дейін атомдық компания уран өндіруге қажетті күкірт қышқылын жеткізуде қиындықтар туындағанын хабарлаған.
Сонымен қатар қор италиялық Cassa Depositi e Prestiti ұлттық даму институтымен өнеркәсіпке, энергетикалық көшу жобаларына (соның ішінде жаңартылатын энергия көздеріне) және логистикаға баса назар аудара отырып, көптеген салаларда ынтымақтасады.
"Қол жеткізген келісімдер негізінде тараптар бірлескен инвестициялық қор құру арқылы инвестициялау мүмкіндігін қарастыруда", - деді "Самұрық-Қазына" өкілдері.
CDP – Италияның ұлттық даму институты, Италияның экономикалық өсуінің негізгі драйверлерінің бірі.