https://sputnik.kz/20240119/qayrat-nurtas-mektep-oqulygynda-zhur--ministrlik-maselenin-man-zhayyn-tusindirdi-41682913.html
"Қайрат Нұртас мектеп оқулығында не істеп жүр" – министрлік мәселенің мән-жайын түсіндірді
"Қайрат Нұртас мектеп оқулығында не істеп жүр" – министрлік мәселенің мән-жайын түсіндірді
Sputnik Қазақстан
Министрліктің айтуынша, оқулықтарда Қайрат Нұртас туралы ақпарат жоқ 19.01.2024, Sputnik Қазақстан
2024-01-19T12:13+0500
2024-01-19T12:13+0500
2024-01-19T12:44+0500
қайрат нұртас
https://sputnik.kz/img/91/51/915180_0:77:1080:685_1920x0_80_0_0_5ad02a3e9ec5a96d6bb1d9bb63372150.jpg
АЛМАТЫ, 19 қаңтар – Sputnik. Мектеп оқулықтарында Қайрат Нұртас туралы тапсырманың жүргені туралы ақпарат әлеуметтік желіде тарады. Министрлік Sputnik Қазақстан тілшісіне мән-жайды айтып берді.Министрліктің айтуынша, оқулықтарда Қайрат Нұртас туралы ақпарат жоқ."Олжас Беркімбай деген кісі өзінің әлеуметтік парақшасында "Қайрат Нұртас мектеп оқулықтарында жүр" деп жариялаған. Қазір ол ақпаратты Олжас Беркімбай алып тастады. Негізі бұл ақпарат – мұғалімнің жеке өзі құрастырған тапсырма", - дейді министрлік.Желі қолданушысы танымал әншінің аты математика пәнінде жүргенін айтқан."Суретте көрсетілген "Құрылымы күрделі теңдеулер" тақырыбы бойынша берілген тапсырма – мұғалімнің қалыпты бағалауға әзірлеген жеке тапсырмасы. Ал қолданыстағы 3-сыныптың "Математика" оқулығында Қайрат Нұртас туралы тапсырма жоқ", - деп министрлік оқулықтың фотосын жіберді.Ведомствоның айтуынша, мектеп оқулықтары бірнеше сараптамадан өтеді. Сол себепті әншілерге қатысты тапсырманың болуы мүмкін емес, әрі болмайды да дейді министрлік.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/91/51/915180_0:0:1080:810_1920x0_80_0_0_832c1d471506472099caf1d78303ae94.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қайрат нұртас
"Қайрат Нұртас мектеп оқулығында не істеп жүр" – министрлік мәселенің мән-жайын түсіндірді
12:13 19.01.2024 (жаңартылды: 12:44 19.01.2024) Министрліктің айтуынша, оқулықтарда Қайрат Нұртас туралы ақпарат жоқ
АЛМАТЫ, 19 қаңтар – Sputnik. Мектеп оқулықтарында Қайрат Нұртас туралы тапсырманың жүргені туралы ақпарат әлеуметтік желіде тарады. Министрлік Sputnik Қазақстан тілшісіне мән-жайды айтып берді.
Министрліктің айтуынша, оқулықтарда Қайрат Нұртас туралы ақпарат жоқ.
"Олжас Беркімбай деген кісі өзінің әлеуметтік парақшасында "Қайрат Нұртас мектеп оқулықтарында жүр" деп жариялаған. Қазір ол ақпаратты Олжас Беркімбай алып тастады. Негізі бұл ақпарат – мұғалімнің жеке өзі құрастырған тапсырма", - дейді министрлік.
Желі қолданушысы танымал әншінің аты математика пәнінде жүргенін айтқан.
"Суретте көрсетілген "Құрылымы күрделі теңдеулер" тақырыбы бойынша берілген тапсырма – мұғалімнің қалыпты бағалауға әзірлеген жеке тапсырмасы. Ал қолданыстағы 3-сыныптың "Математика" оқулығында Қайрат Нұртас туралы тапсырма жоқ", - деп министрлік оқулықтың фотосын жіберді.
Ведомствоның айтуынша, мектеп оқулықтары бірнеше сараптамадан өтеді. Сол себепті әншілерге қатысты тапсырманың болуы мүмкін емес, әрі болмайды да дейді министрлік.