Күкірт қышқылы зауыты, ЖЭО-ны реконструкциялау: Италияда қандай құжаттарға қол қойылды

© Photo : Пресс-служба акима Павлодарской области/Валерий БугаевАким Павлодарской области побывал на Экибастузской ТЭЦ
Аким Павлодарской области побывал на Экибастузской ТЭЦ  - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.01.2024
Жазылу
Түркістан облысы Созақ ауданы Тайқоңыр ауылында қуаты жылына 800 мың тонна болатын күкірт қышқылы зауытын салынады
АСТАНА, 19 қаңтар - Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Италияға ресми сапары аясында өткен "Қазақстан-Италия" инвестициялық дөңгелек үстелі аяқталған соң бірқатар екіжақты құжаттарға қол қою рәсімі өтті, деп хабарлайды Ақорда.
© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаКасым-Жомарт Токаев провел встречи с представителями итальянского бизнеса
Касым-Жомарт Токаев провел встречи с представителями итальянского бизнеса - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.01.2024
Касым-Жомарт Токаев провел встречи с представителями итальянского бизнеса
Атап айтқанда:
"Самұрық-Қазына" АҚ мен Balestra арасындағы Түркістан облысы Созақ ауданы Тайқоңыр ауылында қуаты жылына 800 мың тонна болатын күкірт қышқылы зауытын салу жобасының шарттары мен мерзімін айқындайтын келісім;
"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ мен SACE арасындағы экономиканың басым секторларындағы инвестициялық жобалар жөнінде Италияның қатысуымен жасалған мәмілелерді сақтандыру лимитін белгілеу туралы негіздемелік келісім;
"Самұрық-Энерго" АҚ мен Ansaldo Energia SpA арасындағы қуаты 544 МВт-қа дейін жететін бу-газ қондырғысын салу арқылы Алматыдағы үшінші ЖЭО-ны реконструкциялауды көздейтін ынтымақтастық туралы келісім;
Қазақстандағы италиялық кәсіпорындарды және Италиядағы қазақстандық кәсіпорындарды қолдауға, сондай-ақ Қазақстан мен Италия бизнесі арасындағы экономикалық және сауда қатынастарын нығайтуға бағытталған "Атамекен" ҰКП мен Confiindustria арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум.
Жаңалықтар
0