https://sputnik.kz/20240119/astanadan-rim-men-milanga-aue-reysi-ashylady-41671816.html
Астанадан Рим мен Миланға тікелей әуе рейсі ашылады
Астанадан Рим мен Миланға тікелей әуе рейсі ашылады
Sputnik Қазақстан
Алматы – Милан бағытындағы рейс санын көбейту де жоспарланып отыр 19.01.2024, Sputnik Қазақстан
2024-01-19T08:12+0500
2024-01-19T08:12+0500
2024-01-19T08:25+0500
астана
италия
ұшақ
https://sputnik.kz/img/07e8/01/13/41671574_0:80:1080:688_1920x0_80_0_0_ce1ef04df756c64df2ae53b5793accdf.jpg
АСТАНА, 19 қаңтар – Sputnik. Астана – Рим және Астана – Милан әуе рейстерін ашу жоспарланып отыр. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев NEOS әуе компаниясының президенті Лупо Раттаццимен кездесуі кезінде айтты, деп хабарлайды Ақорда.Кездесу барысында азаматтық авиация саласындағы ынтымақтастықтың перспективалары талқыланды.Тоқаевтың пікірінше, екі ел арасындағы тікелей әуе қатынастары сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық байланыстар мен туризмнің дамуына тың серпін береді. Президент Алматы – Милан әуе рейсіне сұраныстың жоғары екенін атап етті. Бұл рейс ашылғалы бері 70 мыңға жуық жолаушы тасымалданған.Өз кезегінде Лупо Раттацци аймақтағы әуе бағыттарының ауқымын кеңейту жөніндегі жоспарын таныстырды. Атап айтқанда, Алматы – Милан бағытындағы рейс санын көбейту, Астана және Рим, сондай-ақ Астана және Милан арасында әуе қатынастарын ашу жоспарланып отыр.Президент NEOS әуе компаниясымен ынтымақтастық Қазақстандағы азаматтық авиация мен көлік-логистика салаларын дамытуға оң ықпал ететініне сенім білдірді.NEOS компаниясы 2001 жылы құрылған. Оның негізін италиялық Alpitour S.p.А. және германиялық TUI Group туристік компаниялары бірге қалады. Ол Италияның ең ірі жеке авиакомпанияларының бірі ретінде 70-тен астам бағытқа тасымал жасайды. 2022 жылы компанияның табысы 640 миллион АҚШ долларын құрады.
астана
италия
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/01/13/41671574_65:0:1073:756_1920x0_80_0_0_c6a9b30bd2c01353cf6ea38f15932c00.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
астана, италия, ұшақ
Астанадан Рим мен Миланға тікелей әуе рейсі ашылады
08:12 19.01.2024 (жаңартылды: 08:25 19.01.2024) Алматы – Милан бағытындағы рейс санын көбейту де жоспарланып отыр
АСТАНА, 19 қаңтар – Sputnik. Астана – Рим және Астана – Милан әуе рейстерін ашу жоспарланып отыр. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев NEOS әуе компаниясының президенті Лупо Раттаццимен кездесуі кезінде айтты, деп хабарлайды Ақорда.
Кездесу барысында азаматтық авиация саласындағы ынтымақтастықтың перспективалары талқыланды.
Тоқаевтың пікірінше, екі ел арасындағы тікелей әуе қатынастары сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық байланыстар мен туризмнің дамуына тың серпін береді. Президент Алматы – Милан әуе рейсіне сұраныстың жоғары екенін атап етті. Бұл рейс ашылғалы бері 70 мыңға жуық жолаушы тасымалданған.
Өз кезегінде Лупо Раттацци аймақтағы әуе бағыттарының ауқымын кеңейту жөніндегі жоспарын таныстырды. Атап айтқанда, Алматы – Милан бағытындағы рейс санын көбейту, Астана және Рим, сондай-ақ Астана және Милан арасында әуе қатынастарын ашу жоспарланып отыр.
Президент NEOS әуе компаниясымен ынтымақтастық Қазақстандағы азаматтық авиация мен көлік-логистика салаларын дамытуға оң ықпал ететініне сенім білдірді.
NEOS компаниясы 2001 жылы құрылған. Оның негізін италиялық Alpitour S.p.А. және германиялық TUI Group туристік компаниялары бірге қалады. Ол Италияның ең ірі жеке авиакомпанияларының бірі ретінде 70-тен астам бағытқа тасымал жасайды. 2022 жылы компанияның табысы 640 миллион АҚШ долларын құрады.