Астанадағы Сирия бойынша келіссөзде елдегі гуманитарлық жағдай талқыланады

© Sputnik / Владислав ВодневСирийские переговоры. Нур-Султан, 11 декабря 2019 год
Сирийские переговоры. Нур-Султан, 11 декабря 2019 год - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.01.2024
Жазылу
Кездесу "Астана форматындағы" кепілгер елдердің ұжымдық үндеуіне сәйкес өтуде
АСТАНА, 19 қаңтар – Sputnik. 24-25 қаңтарда Астанада өтетін Сирия бойынша халықаралық кездесуде Ресей, Түркия, Иран, Сирия үкіметі мен Сирия оппозициясының делегациялары елді қақтығыстан кейінгі қалпына келтіру және гуманитарлық жағдайды талқылайды. Бұл туралы Қазақстанның сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
"Алдын ала күн тәртібіне Сирия төңірегіндегі аймақтық жағдайды дамыту, Сирия Араб Республикасындағы жағдайды жан-жақты реттеуге күш салу, Сириядағы гуманитарлық жағдай және Сирияны қақтығыстан кейінгі қалпына келтіруді жеңілдету үшін халықаралық қоғамдастықтың күш-жігерін жұмылдыру мәселелері енгізілді", - делінген хабарламада.
Бұл кездесу Ресей, Иран, Түркия, сондай-ақ Сирия үкіметі мен оппозициясы, БҰҰ және бақылаушы елдер – Иордания, Ливан және Ирак өкілдері кіретін "Астана форматындағы" кепілгер елдердің ұжымдық үндеуіне сәйкес өткізілуде.
Өткен жылдың маусым айында Астанада өткен жиында ҚР сыртқы істер министрінің орынбасары Қанат Тұмыш Астана процесі Қазақстанның соңғы 6 жылдағы бітімгершілік әлеуетін көрсеткенін айтты.
Оның айтуынша, Сирияның аймақтағы оқшауланудан біртіндеп шығуы Астана процесінің өз міндетін абыроймен атқарғанының белгісі ретінде тұжырымдауға болады.
Сирия бойынша келіссөз өткен жылдың қыркүйегінде Нью-Йоркте өткен, ол кезде Астанада кездесулерді қайта жаңғырту туралы әңгіме болған жоқ, деп хабарлады ҚР СІМ.
Жаңалықтар
0