https://sputnik.kz/20240118/turkistan-oblysynyn-politseyleri-khalyqaralyq-izdeude-zhurgen-sheteldikterdi-ustady-41663148.html
Түркістан облысының полицейлері халықаралық іздеуде жүрген шетелдіктерді ұстады
Түркістан облысының полицейлері халықаралық іздеуде жүрген шетелдіктерді ұстады
Sputnik Қазақстан
Қазіргі таңда оларды экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр 18.01.2024, Sputnik Қазақстан
2024-01-18T21:44+0500
2024-01-18T21:44+0500
2024-01-18T21:44+0500
түркістан облысы
қылмыскер
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0b/15719152_0:0:3072:1728_1920x0_80_0_0_6deb2211ca90f488731622230f819646.jpg
АСТАНА, 18 қаңтар – Sputnik. Түркістан облысының полицейлері халықаралық іздеуде жүрген шетелдіктерді ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz. Түркістан облысы полиция департаменті экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел алдын алу шаралары аясында халықаралық іздеуде жүрген 3 шетел азаматын анықтады. Ұсталған шетелдіктің бірі – үш жыл бойы халықаралық іздеуде жүрген Өзбекстан азаматы. Ол өз елінде қарақшылық шабуыл жасағаны үшін сотталған 38 жастағы ер азамат. Оны полицейлер Ордабасы ауданында қолға түсірді. Сонымен қатар ер адамның 2020 жылы түрмеден қашып, кейін Қазақстан шекарасын заңсыз кесіп өткені анықталды. Аталған факті бойынша оқиғаның толық мән-жайы анықталып жатыр. Ал екінші күдікті - 30 жастағы шетел азаматына есірткі сақтаумен байланысты қылмыс жасағаны үшін Астана қалалық полиция департаменті тарапынан іздеу жарияланған. Ол Сарыағашта ұсталды.Халықаралық іздеуде жүрген үшінші күдікті Ресей азаматы Келес ауданында ұсталды. Жас жігітке 2022 жылдың желтоқсан айында көрші елде іздеу жарияланып, Қазақстанда жасырынып жүргені белгілі болды. Қазіргі таңда 21 жастағы шетел азаматы қамауға алынды. Қазіргі таңда оларды экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр.
https://sputnik.kz/20240113/almaty-auezhayynda-10-zhyl-khalyqaralyq-izdeude-zhurgen-qylmysker-ustaldy-41564070.html
түркістан облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0b/15719152_223:0:2954:2048_1920x0_80_0_0_a69e5681614903ce37291f43e578aff7.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
түркістан облысы, қылмыскер
түркістан облысы, қылмыскер
Түркістан облысының полицейлері халықаралық іздеуде жүрген шетелдіктерді ұстады
Қазіргі таңда оларды экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр
АСТАНА, 18 қаңтар – Sputnik. Түркістан облысының полицейлері халықаралық іздеуде жүрген шетелдіктерді ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.
Түркістан облысы полиция департаменті экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел алдын алу шаралары аясында халықаралық іздеуде жүрген 3 шетел азаматын анықтады. Ұсталған шетелдіктің бірі – үш жыл бойы халықаралық іздеуде жүрген Өзбекстан азаматы. Ол өз елінде қарақшылық шабуыл жасағаны үшін сотталған 38 жастағы ер азамат. Оны полицейлер Ордабасы ауданында қолға түсірді.
Сонымен қатар ер адамның 2020 жылы түрмеден қашып, кейін Қазақстан шекарасын заңсыз кесіп өткені анықталды. Аталған факті бойынша оқиғаның толық мән-жайы анықталып жатыр. Ал екінші күдікті - 30 жастағы шетел азаматына есірткі сақтаумен байланысты қылмыс жасағаны үшін Астана қалалық полиция департаменті тарапынан іздеу жарияланған. Ол Сарыағашта ұсталды.
Халықаралық іздеуде жүрген үшінші күдікті Ресей азаматы Келес ауданында ұсталды. Жас жігітке 2022 жылдың желтоқсан айында көрші елде іздеу жарияланып, Қазақстанда жасырынып жүргені белгілі болды. Қазіргі таңда 21 жастағы шетел азаматы қамауға алынды.
Қазіргі таңда оларды экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр.