https://sputnik.kz/20240118/shyrshany-nauryzda-qoyuga-bolady-senator-zhana-zhyldyq-merekeni-auystyrudy-usyndy-41647491.html
"Шыршаны наурызда қоюға болады": сенатор жаңа жылдық мерекені ауыстыруды ұсынды
"Шыршаны наурызда қоюға болады": сенатор жаңа жылдық мерекені ауыстыруды ұсынды
Sputnik Қазақстан
Сенатор әкімдердің жыл сайын өткізетін шыршаларын наурыз айында Қыдыр атаның қатысуымен басқаша өткізу керек дейді. 18.01.2024, Sputnik Қазақстан
2024-01-18T11:25+0500
2024-01-18T11:25+0500
2024-01-18T11:25+0500
жаңа жыл
наурыз
наурыз мейрамы
https://sputnik.kz/img/07e7/0c/19/41163521_0:79:1500:923_1920x0_80_0_0_5ad8669d83d7f178d34175ec05e58e42.jpg
АСТАНА, 18 қаңтар – Sputnik. Сенатор Әли Бектаев жаңа жылдық мерекені Наурызға ауыстырып, жаңаша тойлауды ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Сенатордың айтуынша, бүгінде жаңа жылдық шараларда ысырапшылдық пен дарақылық басым болып барады. Бюджет қаржысына жүздеген мұз қалашықтары салынып, отшашулар атылады. Ал халық сауда орталықтарын аралап кетеді. Баға да күрт шарықтайды.Осы орайда депутат Наурыз мерекесін дәріптейтін жалпыұлттық тұжырымдаманы қабылдауды ұсынды."Наурыз көл-көсір дастарқан жасап, жүздеген киіз үй тігіп, ысырапшылдыққа жол беретін мейрам емес, әр отбасыға, әр ауылға, әр өңірге рухани нәр беретін жаңашыл мерекеге айналуы керек. Әр жылдың экономикалық-статистикалық қорытындысы алдағы ақпан-наурыз айларында шығарылатынын ескере отырып, Наурыз мерекесі қарсаңында өткен жылды қорытындылап, еңбек ұжымдары мен еңбек озаттарын марапаттау дәстүрге айналуы тиіс. Тіпті, әкімдердің жыл сайын өткізетін шыршаларын наурыз айында Қыдыр атаның қатысуымен басқаша өткізу де маңызды", - деп атап көрсетті Бектаев.Сондай-ақ, Наурыз мейрамының тәрбиелік мәнін зерттеп қана қоймай, соны қалың бұқараға жеткізетін ғылыми орталық керек деп санайды сенатор.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/0c/19/41163521_83:0:1418:1001_1920x0_80_0_0_777cdd87e0be8ee0d3f6098c27ff0005.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жаңа жыл, наурыз, наурыз мейрамы
жаңа жыл, наурыз, наурыз мейрамы
"Шыршаны наурызда қоюға болады": сенатор жаңа жылдық мерекені ауыстыруды ұсынды
Сенатор әкімдердің жыл сайын өткізетін шыршаларын наурыз айында Қыдыр атаның қатысуымен басқаша өткізу керек дейді.
АСТАНА, 18 қаңтар – Sputnik. Сенатор Әли Бектаев жаңа жылдық мерекені Наурызға ауыстырып, жаңаша тойлауды ұсынды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Сенатордың айтуынша, бүгінде жаңа жылдық шараларда ысырапшылдық пен дарақылық басым болып барады. Бюджет қаржысына жүздеген мұз қалашықтары салынып, отшашулар атылады. Ал халық сауда орталықтарын аралап кетеді. Баға да күрт шарықтайды.
"Тәуелсіз Қазақстанда жаңа жылды атап өтудің ерекше идеологиялық-әлеуметтік негізін қалыптастыратын уақыт келді. Елімізде үш мың жылдық тарихы бар Наурыз мейрамы терең дәстүрге енуі қажет", - деді Бектаев сенаттың бүгінгі отырысында.
Осы орайда депутат Наурыз мерекесін дәріптейтін жалпыұлттық тұжырымдаманы қабылдауды ұсынды.
"Наурыз көл-көсір дастарқан жасап, жүздеген киіз үй тігіп, ысырапшылдыққа жол беретін мейрам емес, әр отбасыға, әр ауылға, әр өңірге рухани нәр беретін жаңашыл мерекеге айналуы керек. Әр жылдың экономикалық-статистикалық қорытындысы алдағы ақпан-наурыз айларында шығарылатынын ескере отырып, Наурыз мерекесі қарсаңында өткен жылды қорытындылап, еңбек ұжымдары мен еңбек озаттарын марапаттау дәстүрге айналуы тиіс. Тіпті, әкімдердің жыл сайын өткізетін шыршаларын наурыз айында Қыдыр атаның қатысуымен басқаша өткізу де маңызды", - деп атап көрсетті Бектаев.
Сондай-ақ, Наурыз мейрамының тәрбиелік мәнін зерттеп қана қоймай, соны қалың бұқараға жеткізетін ғылыми орталық керек деп санайды сенатор.