"Қазақтелекомның" мобильді операторларының бірі жаңа инвесторға беріледі

© Sputnik / Абзал КалиевЗдание АО "Казахтелеком"
Здание АО Казахтелеком - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.01.2024
Жазылу
Қазіргі уақытта әлеуетті шетелдік инвесторлармен келіссөздер жүргізіліп жатқаны айтылды
АСТАНА, 18 қаңтар - Sputnik. Үкіметте Әлихан Смайыловтың төрағалығымен экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.
Кездесуде "Қазақтелеком" АҚ компаниялар тобын демонополизациялау барысы талқыланды. Атап айтқанда, мобильді операторлардың бірін бәсекеге қабілетті нарыққа шығару процесі қарастырылды.
Қазіргі уақытта әлеуетті шетелдік инвесторлармен келіссөздер жүргізіліп жатқаны айтылды.
Жалпы бұл шара халыққа көрсетілетін қызмет сапасын арттырып, телекоммуникация саласының дамуына оң әсерін тигізеді деп күтілуде.
Премьер-министр бұл бағыттағы жұмысты жеделдетуді тапсырды.
Жаңалықтар
0