https://sputnik.kz/20240118/qazaqstanda-byltyr-600-mynga-zhuyq-adam-atauly-aleumettik-komek-aldy-41649717.html
Қазақстанда былтыр 600 мыңға жуық адам атаулы әлеуметтік көмек алды
Қазақстанда былтыр 600 мыңға жуық адам атаулы әлеуметтік көмек алды
Sputnik Қазақстан
2024 жылы атаулы әлеуметтік көмек төлеуге 75,9 млрд теңге қарастырылған 18.01.2024, Sputnik Қазақстан
2024-01-18T13:28+0500
2024-01-18T13:28+0500
2024-01-18T13:41+0500
атаулы әлеуметтік көмек
қр еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
https://sputnik.kz/img/07e4/0b/1e/15613073_0:0:3001:1688_1920x0_80_0_0_557fae98d8430d5a2e179f72d9d33523.jpg
АСТАНА, 18 қаңтар – Sputnik. 2023 жылы 114,1 мың отбасындағы 598,4 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек берілді. Осы мақсатқа бюджеттен 57,4 млрд теңге жұмсалды, деп хабарлайды еңбек және халықты әлеуемттік қорғау министрлігі.Атаулы әлеуметтік көмек отбасының әрбір мүшесіне жан басына шаққандағы орташа табысы өңірлік ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-інен төмен азаматтарға беріледі.Табысы аз отбасылардағы 1 жас пен 6 жас аралығындағы әр балаға 1,5 АЕК (5 175 теңге) мөлшерінде ай сайынғы қосымша төлем беріледі. 2023 жылы АӘК алушылар қатарынан мектеп жасына дейінгі 186,8 мың балаға 7,2 млрд теңге сомасына қосымша төлем берілген болатын.Қазіргі уақытта қазақстандықтар атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға өтінішті тұрғылықты жері бойынша мансап орталығында, ауыл округінің әкіміне сондай-ақ egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы бере алады.Министрліктің мәліметінше, 2024 жылы АӘК төлеуге 75,9 млрд теңге қарастырылған.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0b/1e/15613073_374:0:2625:1688_1920x0_80_0_0_e1f123227cf3b7907aee4fa977f2b61f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
атаулы әлеуметтік көмек, қр еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
атаулы әлеуметтік көмек, қр еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Қазақстанда былтыр 600 мыңға жуық адам атаулы әлеуметтік көмек алды
13:28 18.01.2024 (жаңартылды: 13:41 18.01.2024) 2024 жылы атаулы әлеуметтік көмек төлеуге 75,9 млрд теңге қарастырылған
АСТАНА, 18 қаңтар – Sputnik. 2023 жылы 114,1 мың отбасындағы 598,4 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек берілді. Осы мақсатқа бюджеттен 57,4 млрд теңге жұмсалды, деп хабарлайды еңбек және халықты әлеуемттік қорғау министрлігі.
Атаулы әлеуметтік көмек отбасының әрбір мүшесіне жан басына шаққандағы орташа табысы өңірлік ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-інен төмен азаматтарға беріледі.
Табысы аз отбасылардағы 1 жас пен 6 жас аралығындағы әр балаға 1,5 АЕК (5 175 теңге) мөлшерінде ай сайынғы қосымша төлем беріледі. 2023 жылы АӘК алушылар қатарынан мектеп жасына дейінгі 186,8 мың балаға 7,2 млрд теңге сомасына қосымша төлем берілген болатын.
Қазіргі уақытта қазақстандықтар атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға өтінішті тұрғылықты жері бойынша мансап орталығында, ауыл округінің әкіміне сондай-ақ egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы бере алады.
Министрліктің мәліметінше, 2024 жылы АӘК төлеуге 75,9 млрд теңге қарастырылған.