https://sputnik.kz/20240118/biyl-elimizde-28-temirzhol-vokzaly-zhondeledi-41643248.html
Биыл елімізде 28 теміржол вокзалы жөнделеді
Биыл елімізде 28 теміржол вокзалы жөнделеді
Sputnik Қазақстан
Жақын арада Астана теміржол вокзалында күрделі жөндеу жұмыстары басталады 18.01.2024, Sputnik Қазақстан
2024-01-18T07:24+0500
2024-01-18T07:24+0500
2024-01-18T07:24+0500
вокзал
https://sputnik.kz/img/old/1172/44/11724400_0:92:1772:1089_1920x0_80_0_0_91218a873d06f5d1a88b72831ce6b700.jpg
АСТАНА, 18 қаңтар – Sputnik. Биыл 28 теміржол вокзалына жөндеу жұмысы жүргізіледі, деп хабарлайды "Қазақстан темір жолы" АҚ баспасөз қызметі.Атап айтқанда, инженерлік жүйелер, кіру топтары, шатыр, жолаушылар платформалары мен басқа да орындар жөнделедіКомпанияның мәліметінше, жақын арада Астана теміржол вокзалында күрделі жөндеу жұмыстары басталады. Осыған байланысты жөндеу жүріп жатқан аймаққа кіруге шектеу қойылады. Бірақ вокзал үздіксіз жұмыс істейді. Нысанды пайдалануға беру мерзімі мердігер ұйыммен құрылыс-монтаждау жұмыстары туралы шарт жасасқаннан кейін белгілі болады.Ауқымды жаңарту шеңберінде шатырды, қасбетті, вокзал ғимаратының ішін, жолаушылар платформалары мен олардағы құрылыстарды жөндеу жоспарланып отыр. Қолданыстағы дауыс зорайтқыш байланыс жүйелері, бейнебақылау, өрт-күзет дабылы және құлақтандыру құрылғылары да жаңғыртылады.Сондай-ақ инженерлік жүйелерді ауыстыру, вокзалдың іргелес аумағын абаттандыру көзделген.Жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде халықтың барлық тобы үшін қолайлы және кедергісіз жүріп-тұруы үшін жағдай жасалады, деп атап өтті компания.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/1172/44/11724400_99:0:1674:1181_1920x0_80_0_0_57a2e8069c99b88899943a862325c578.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
вокзал
Биыл елімізде 28 теміржол вокзалы жөнделеді
Жақын арада Астана теміржол вокзалында күрделі жөндеу жұмыстары басталады
АСТАНА, 18 қаңтар – Sputnik. Биыл 28 теміржол вокзалына жөндеу жұмысы жүргізіледі, деп хабарлайды "Қазақстан темір жолы" АҚ баспасөз қызметі.
Атап айтқанда, инженерлік жүйелер, кіру топтары, шатыр, жолаушылар платформалары мен басқа да орындар жөнделеді
Компанияның мәліметінше, жақын арада Астана теміржол вокзалында күрделі жөндеу жұмыстары басталады. Осыған байланысты жөндеу жүріп жатқан аймаққа кіруге шектеу қойылады. Бірақ вокзал үздіксіз жұмыс істейді. Нысанды пайдалануға беру мерзімі мердігер ұйыммен құрылыс-монтаждау жұмыстары туралы шарт жасасқаннан кейін белгілі болады.
Ауқымды жаңарту шеңберінде шатырды, қасбетті, вокзал ғимаратының ішін, жолаушылар платформалары мен олардағы құрылыстарды жөндеу жоспарланып отыр. Қолданыстағы дауыс зорайтқыш байланыс жүйелері, бейнебақылау, өрт-күзет дабылы және құлақтандыру құрылғылары да жаңғыртылады.
Сондай-ақ инженерлік жүйелерді ауыстыру, вокзалдың іргелес аумағын абаттандыру көзделген.
Жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде халықтың барлық тобы үшін қолайлы және кедергісіз жүріп-тұруы үшін жағдай жасалады, деп атап өтті компания.