https://sputnik.kz/20240118/batys-qazaqstanda-zher-telimin-zansyz-bergen-basshy-sottaldy-41658429.html
Батыс Қазақстанда жер телімін заңсыз берген басшы сотталды
Батыс Қазақстанда жер телімін заңсыз берген басшы сотталды
Sputnik Қазақстан
Негізінде жер телімдерінің нақты кадастырлық құны - 119,8 млн теңгеге тұрады 18.01.2024, Sputnik Қазақстан
2024-01-18T16:21+0500
2024-01-18T16:21+0500
2024-01-18T16:21+0500
батыс қазақстан облысы
https://sputnik.kz/img/07e4/09/0f/14965386_0:163:3065:1887_1920x0_80_0_0_2743cd4624635c850046076be1e91418.jpg
АЛМАТЫ, 18 қаңтар – Sputnik. Батыс Қазақстан облысында Бәйтерек аудандық жер қатынастар бөлімінің бастығы заңсыз жер телімін беріп, мемлекетке аса ірі залал келтіргені үшін сотталды, деп хабарлайды облыстық прокуратура.Бәйтерек ауданы прокуратурасы жер телімдерін беру заңдылығын тексеру кезінде бірқатар заңсыздықты анықтаған.Негізінде жер телімдерінің нақты кадастырлық құны - 119,8 млн теңгеге тұрады. Прокуратураның айтуынша, мемлекетке аса ірі көлемдегі залал келтірілген.“Сот үкімімен Бәйтерек аудандық жер қатынастар бөлімінің басшысы ҚК-тің 361-бабының 4-бөлігінің 3-тармағы “Лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану” бойынша кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде өткізеді. Мемлекетке келтірілген залалды қайтару туралы талап арыз қанағаттандырылды”, - дейді ведомство.Үкім заңды күшіне әлі енген жоқ.
батыс қазақстан облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/09/0f/14965386_166:0:2897:2048_1920x0_80_0_0_fa3e44147d42acd286ef39503d6b2ce1.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
батыс қазақстан облысы
Батыс Қазақстанда жер телімін заңсыз берген басшы сотталды
Негізінде жер телімдерінің нақты кадастырлық құны - 119,8 млн теңгеге тұрады
АЛМАТЫ, 18 қаңтар – Sputnik. Батыс Қазақстан облысында Бәйтерек аудандық жер қатынастар бөлімінің бастығы заңсыз жер телімін беріп, мемлекетке аса ірі залал келтіргені үшін сотталды, деп хабарлайды облыстық прокуратура.
Бәйтерек ауданы прокуратурасы жер телімдерін беру заңдылығын тексеру кезінде бірқатар заңсыздықты анықтаған.
“Бір азаматқа облыс орталығына жақын жерден ірі көлемдегі жалпы аумағы 40,0 гектар (400 000 шаршы.м – 4 000 соттық жер) жер телімдері "бағбандық және саяжай құрылысына" берілген. Сонымен қатар мемлекеттен саяжай жер телімін сатып алу құны заңсыз төмендетіліп, 4 000 соттық жер 765 мың теңгеге сатылған”, - дейді ведомстводағылар.
Негізінде жер телімдерінің нақты кадастырлық құны - 119,8 млн теңгеге тұрады. Прокуратураның айтуынша, мемлекетке аса ірі көлемдегі залал келтірілген.
“Сот үкімімен Бәйтерек аудандық жер қатынастар бөлімінің басшысы ҚК-тің 361-бабының 4-бөлігінің 3-тармағы “Лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану” бойынша кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде өткізеді. Мемлекетке келтірілген залалды қайтару туралы талап арыз қанағаттандырылды”, - дейді ведомство.
Үкім заңды күшіне әлі енген жоқ.