Ақауы бар үйді қабылдаған: Ақмола облысында шенеуніктер сотталды

© Sputnik/Ертай СарбасовСтроительство в Алматы
Строительство в Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.01.2024
Жазылу
Ақауы бар үйді қабылдаған құрылыс басқармасы басшысының орынбасары сегіз жылға, оны салған мердігер мекеменің басшысы жеті жылға, нысан құрылысына техникалық қадағалау жүргізген сарапшы екі жылға сотталды
АСТАНА, 18 қаңтар – Sputnik. Ақмола облысында ақауы бар тұрғын үйді қабылдаған шенеунік, мердігер және техникалық қадағалау мекемесінің сарапшысы сотталды, деп хабарлады Ақмола облысының прокуратурасы.
Хабарланғандай, прокурорлар құрылыс басқармасының қызметін тексеру барысында құрылыс бөлімі басшысының орынбасары, мердігер және нысанның құрылысына техникалық қадағалау жүргізген сарапшының 100 пәтерлі Щучье қаласындағы тұрғын үйді пайдалануға қабылдағанын анықтады. Алайда нысанда құны 50 миллион теңгеден астам сомаға жобалық-сметалық құжаттамадан кемшіліктер мен көптеген ақау болған.
Прокуратура тексеру материалдарын Қылмыстық кодекстің 189-бабының 4-бөлігімен (Сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін иемденіп алу немесе талан-тараж ету) сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Бұл істі тергеу аймақтық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментіне тапсырылды.
Сотта сотталушылардың кінәсі толық дәлелденді. Сот құрылыс басқармасы басшысының орынбасарын сегіз жылға, мердігер мекеменің басшысын жеті жылға, нысан құрылысына техникалық қадағалау жүргізген сарапшыны екі жылға бас бостандығынан айырды.
Үкімге облыстық прокуратура апелляциялық шағым түсіріп, сотталғандарға мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыру түріндегі қосымша жаза тағайындалды.
Жаңалықтар
0