https://sputnik.kz/20240117/resey-qazaqstanga-zhumyrtqa-zhetkizu-kolemin-arttyru-turaly-otinish-zhasady-41637034.html
Ресей Қазақстанға жұмыртқа жеткізу көлемін арттыру туралы өтініш жасады
Ресей Қазақстанға жұмыртқа жеткізу көлемін арттыру туралы өтініш жасады
Sputnik Қазақстан
2023 жылдың 11 айында Қазақстан Ресейге, Ауғанстанға және Қырғызстанға шамамен 186,6 млн дана тауық жұмыртқасын экспорттаған 17.01.2024, Sputnik Қазақстан
2024-01-17T16:37+0500
2024-01-17T16:37+0500
2024-01-17T16:37+0500
үкімет
жұмыртқа
ресей
қазақстан
https://sputnik.kz/img/old/1046/85/10468578_0:129:3187:1921_1920x0_80_0_0_822cdd130b44b833a1f0cfdba4f8d126.jpg
АСТАНА, 17 қаңтар – Sputnik. Қазақстан мен Ресей премьер-министрлерінің орынбасарлары Серік Жұманғарин мен Алексей Оверчуктің кездесуінде Ресей тарапы өздерінің сауда желілеріне жұмыртқа жеткізу көлемін арттыру туралы қазақстандық әріптестеріне өтініш жасадығ деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.Қазақстанда отандық құс фабрикаларының жұмыртқамен қамтамасыз ету деңгейі 2022 жылы халық қажеттілігінің 102 пайзын құраған. Ал 2023 жылдың 11 айында Қазақстан Ресейге, Ауғанстанға және Қырғызстанға шамамен 186,6 миллион дана тауық жұмыртқасын экспорттаған."2023 жылғы 26 қаңтарға жоспарланған ЕЭК Кеңесінің отырысы қарсаңында тараптар Ресей-Беларусь шекарасындағы қазақстандық жүк көліктерінің кешігу жағдайын реттеу үшін Мәскеуде кеңейтілген құрамда тағы бір екіжақты кездесу өткізуге келісті", - деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.Белгілі болғандай, 2023 жылдың 12 желтоқсанында Ресей мен Беларусь азаматтары болып табылмайтын азаматтар үшін "Рудня" өткізу бекетіндегі өткел толығымен жабылды. 2024 жылдың 8 қаңтарында осы аталған шектеу қалған екі "Қызыл" және "Қызыл тас" өткізу бекеттеріне де енгізілген.Бүгінгі таңда жүк ағындарының бір бөлігі Ресей-Беларусь шекарасының басқа өткізу пункті арқылы өтіп жатыр. Көліктердің негізгі бөлігі шекарадан өтіп үлгерген. Навигациялық пломбаларды электронды түрде рәсімдеуді қажет ететін жүктерге байланысты қиындықтар туындады." Тараптар жағдайды тезірек шешу үшін барлық қажетті шараларды қабылдауға келісті. Келіссөздер ЕЭК кеңесінің отырысы қарсаңында Мәскеудегі екіжақты кездесу шеңберінде жалғасады.", - делінген хабарламада.Сондай-ақ тараптар ресейлік шошқа етінің Ресей Федерациясынан Қазақстан арқылы өтетін транзитінің ашылуына және 2024 жылғы 15 қаңтардан бастап Ресей Федерациясына қазақстандық мал шаруашылығы өнімдерін жеткізуге қойылған шектеулердің алынуын оң бағалады.
ресей
қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/1046/85/10468578_227:0:2958:2048_1920x0_80_0_0_88654175b1c3eb449af430d1f7c4c357.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
үкімет, жұмыртқа, ресей, қазақстан
үкімет, жұмыртқа, ресей, қазақстан
Ресей Қазақстанға жұмыртқа жеткізу көлемін арттыру туралы өтініш жасады
2023 жылдың 11 айында Қазақстан Ресейге, Ауғанстанға және Қырғызстанға шамамен 186,6 млн дана тауық жұмыртқасын экспорттаған
АСТАНА, 17 қаңтар – Sputnik. Қазақстан мен Ресей премьер-министрлерінің орынбасарлары Серік Жұманғарин мен Алексей Оверчуктің кездесуінде Ресей тарапы өздерінің сауда желілеріне жұмыртқа жеткізу көлемін арттыру туралы қазақстандық әріптестеріне өтініш жасадығ деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.
"Серік Жұманғарин ауыл шаруашылығы министрлігіне аталған мәселені қысқа мерзімде қарауды және қазақстандық өнімді Ресей Федерациясының шекаралас аймақтарына жеткізуді арттыру мүмкіндігін іздеуді тапсырды. Сондай-ақ өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелерінде шешім қабылдауда икемділік қажет екенін атап өтті",- делінген хабарламада.
Қазақстанда отандық құс фабрикаларының жұмыртқамен қамтамасыз ету деңгейі 2022 жылы халық қажеттілігінің 102 пайзын құраған. Ал 2023 жылдың 11 айында Қазақстан Ресейге, Ауғанстанға және Қырғызстанға шамамен 186,6 миллион дана тауық жұмыртқасын экспорттаған.
"2023 жылғы 26 қаңтарға жоспарланған ЕЭК Кеңесінің отырысы қарсаңында тараптар Ресей-Беларусь шекарасындағы қазақстандық жүк көліктерінің кешігу жағдайын реттеу үшін Мәскеуде кеңейтілген құрамда тағы бір екіжақты кездесу өткізуге келісті", - деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.
Белгілі болғандай, 2023 жылдың 12 желтоқсанында Ресей мен Беларусь азаматтары болып табылмайтын азаматтар үшін "Рудня" өткізу бекетіндегі өткел толығымен жабылды. 2024 жылдың 8 қаңтарында осы аталған шектеу қалған екі "Қызыл" және "Қызыл тас" өткізу бекеттеріне де енгізілген.
Бүгінгі таңда жүк ағындарының бір бөлігі Ресей-Беларусь шекарасының басқа өткізу пункті арқылы өтіп жатыр. Көліктердің негізгі бөлігі шекарадан өтіп үлгерген. Навигациялық пломбаларды электронды түрде рәсімдеуді қажет ететін жүктерге байланысты қиындықтар туындады.
" Тараптар жағдайды тезірек шешу үшін барлық қажетті шараларды қабылдауға келісті. Келіссөздер ЕЭК кеңесінің отырысы қарсаңында Мәскеудегі екіжақты кездесу шеңберінде жалғасады.", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ тараптар ресейлік шошқа етінің Ресей Федерациясынан Қазақстан арқылы өтетін транзитінің ашылуына және 2024 жылғы 15 қаңтардан бастап Ресей Федерациясына қазақстандық мал шаруашылығы өнімдерін жеткізуге қойылған шектеулердің алынуын оң бағалады.