Куба президенті ЕАЭО-мен байланысын нығайтуға ниетті

© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаСаммит ЕАЭС в Санкт-Петербурге
Саммит ЕАЭС в Санкт-Петербурге - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.01.2024
Жазылу
Бұған дейін Куба үкіметі мен ЕЭК Гаванада өткен бірлескен отырыстың қорытындысы бойынша даму басымдықтарын белгіледі
АСТАНА, 17 қаңтар – Sputnik. Куба көшбасшысы Мигель Диас-Канель Бермудес Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) министрі Сергей Глазьевпен кездесуде Гавананың Еуразиялық экономикалық одақпен байланысты дамытуға ниетті екенін растағанын айтты. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.
"Мен Революция сарайында Еуразиялық экономикалық комиссияның интеграция және макроэкономика министрі Сергей Глазьевпен өте табысты кездесу өткіздім. Мен министрге Куба үшін маңызды болып саналатын елдер тобымен қарым-қатынасты одан әрі нығайтудың басымдылығын растадым", - деп жазды Диас-Канель өз блогында.
Бұған дейін Куба үкіметі мен ЕЭК Гаванада өткен бірлескен отырыстың қорытындысы бойынша өнеркәсіпті, ауыл шаруашылығын, туризмді және биофармацевтиканы дамытуды 2030 жылға дейінгі ынтымақтастықтың басым бағыттары ретінде белгіледі. Комиссия делегациясы Кубада жұмысын жалғастыруда, онда ол шенеуніктер және кәсіпорындармен салалық кездесулер өткізуді жоспарлаған.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Қазақстан сенаты Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа 106 түзетуді ратификациялады. Мысалы, цифрландыру жемістер мен көкөністердің "егістіктен дүкенге дейінгі" жолын қадағалап отыруға мүмкіндік береді және фитосанитарлық бақылау органдарының негізсіз тексерулерін азайтады.
Басқа да жаңашылдықтар қатарында Еуразиялық экономикалық комиссияның бәсекелестік ережелерін сақтау саласындағы шешімдерін орындамағаны үшін айыппұл салу да бар.
Жаңалықтар
0