Халық жүрегіндегі қаһарман: Алматыда Нұрмағамбетовтің 100 жылдығына орай көрме ашылды

© Айдана ДайыроваАлматыда Сағадат Нұрмағамбетовтің 100 жылдығына орай көрме ашылды
Алматыда Сағадат Нұрмағамбетовтің 100 жылдығына орай көрме ашылды  - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.01.2024
Жазылу
АЛМАТЫ, 17 қаңтар – Sputnik. Биыл ҚР тұңғыш қорғаныс министрі, армия генералы болған Сағадат Нұрмағамбетовтің туғанына 100 жыл толып отыр. Халық қаһарманына арналған Алматыдағы мемлекеттік орталық музейде көрме ашылды. Көрмедегі естеліктерді Sputnik Қазақстан тілшісі де көріп қайтты.
"Халық жүрегіндегі қаһарман" деп аталған көрмеге келушілердің қарасы көп, басым көпшілігі – жастар. Көрменің мақсаты – ел тізгінін ұстаған біртуар тұлғаның өмірін өскелең ұрпаққа үлгі ету.
© Айдана ДайыроваАлматыда Сағадат Нұрмағамбетовтің 100 жылдығына орай көрме ашылды
Алматыда Сағадат Нұрмағамбетовтің 100 жылдығына орай көрме ашылды  - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.01.2024
Алматыда Сағадат Нұрмағамбетовтің 100 жылдығына орай көрме ашылды
Көрмеге Сағадат Нұрмағамбетовпен әріптес болған Казбек Мамсуров та келді. Жасы сексеннің төртеуіне келген Мамсуров қазіргі күні Алматы қаласы қарулы күштері ардагерлер кеңесінің хатшысы. Ол халық қаһарманы туралы естеліктерімен бөлісті.
"Сағадат Қожахметұлы – ұлы әскери адам. Ол небәрі 20 жасында Кеңес Одағының батыры атанды. Соғысқа өзі сұранып барып, Отан үшін жанын аямай күресті. Ондай батырлық әркімге бір бұйырмаған қасиет. Тәуелсіз Қазақстан кезінде "Халық қаһарманы" атағы берілді. Сағадат ойшыл, кітапты көп оқитын, өте білімді адам еді. Оның тіпті жазуы да тамаша еді. Ең бір тамаша қасиеті өзімен сөйлескен кез келген адамды, мейлі қызметкер, мейлі бірінші кездескен қарапайым маман болсын, оны өте мұқият тыңдайтын. Нұрмағамбетов адамды тыңдай білетін, берер жауабы да өте салмақты, пайымды еді. Мұндай мінез – әркімге бұйыра бермеген қасиеттердің бірі", - дейді Мамсуров.
© Айдана ДайыроваАлматыда Сағадат Нұрмағамбетовтің 100 жылдығына орай көрме ашылды
Алматыда Сағадат Нұрмағамбетовтің 100 жылдығына орай көрме ашылды  - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.01.2024
Алматыда Сағадат Нұрмағамбетовтің 100 жылдығына орай көрме ашылды
Сағадат Нұрмағамбетов ержүрек жауынгер ғана емес, шығармашылық адам болған. Оның қаламынан туындаған "Лицом к огню", "Мой передний край", "От огненных лет до суверенной армии", "А в памяти нет тишины" деген естелік кітаптары бар.
Бүгінде оның есімі Қазақстан қалаларының көшелеріне және әскери оқу орындарына берілген, батырдың құрметіне ескерткіштер, мемориалдық тақталар орнатылып, мұражайлар ашылды.
"Оның гвардиялық гарнизонға келген кезі есімде. "Кімде кімге жамандық істесем кешіріңіздер!" дегені бар еді. Қарапайым қатардағы жауынгерден генерал шеніне көтерілген ондай ұлы адамды дәріптемеу әсте мүмкін емес. Ол – тұнып тұрған тарих", - дейді Алматы қаласы қарулы күштері ардагерлер кеңесінің хатшысы.
© Айдана ДайыроваАлматыда Сағадат Нұрмағамбетовтің 100 жылдығына орай көрме ашылды
Алматыда Сағадат Нұрмағамбетовтің 100 жылдығына орай көрме ашылды  - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.01.2024
Алматыда Сағадат Нұрмағамбетовтің 100 жылдығына орай көрме ашылды
Халық қаһарманына арналған көрмеден оның жүріп өткен өмір жолынан естеліктерді тамашалауға болады. Ұлы Отан соғысы кезінде ұстаған заттары, шинелдері мен құжаттары, мақтау қағаздары мен тарихи шаралардан естеліктер қойылған. Арасында күні бүгінге дейін еш жерде жарияланбаған фотосуреттері мен құжаттары және басқа да жәдігерлер бар. Барлығы 100-ден астам экспонат көпшілік назарына ұсынылады.
Тарихи тұлғаға арналған көрме 2024 жылы Қазақстанның 10-нан астам қалаларында ұйымдастырылады.
Жаңалықтар
0