Ғалымдар Алматының ауасын тазартатын тәсіл ойлап тапты - видео

© Sputnik/Ертай СарбасовҒалымдар Алматының ауасын тазартатын тәсіл ойлап тапты
Ғалымдар Алматының ауасын тазартатын тәсіл ойлап тапты  - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.01.2024
Жазылу
Ғалымдардың айтуынша, Алматының ауасының ластануы әсіресе қыста 17 есеге артады
АЛМАТЫ, 17 қаңтар – Sputnik. Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің физиолог-генетиктері Алматы қаласының ауасын тазартудың инновациялық әдісін ойлап тапты. Ол үшін бір топ ғалым зиянды заттарды бойына қарқынды сіңіретін өсімдіктерді өсірмек. Sputnik Қазақстан тілшісі ғалымдардың жұмысымен танысты.
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің физиологтары мен генетиктері ауадағы зиянды қалдықтарды бойына қарқынды сіңіретін өсімдіктерді өсіретін жерді көрсетті.
"Өрттің салдарынан орман қорына тиетін зардапты есептеу, оны қалпына келтіру мүмкін емес жағдайға әкеліп отыр. Орман қорын қазірден бастап қорғамасақ, ағаш өсімдіктерін зерттеу жұмыстарын жүргізбесек, 2050 жылы мұндай зардаптар көлемі 30 есеге артады. Мұндай шығындар ауа қабатын нашарлатып, адамдардың өмір сүру деңгейі мен жасын қысқартады", - дейді жаратылыстану институтының директоры Гауһар Байташева.
© Sputnik/Ертай Сарбасов Ертай СарбасовҒалымдар Алматының ауасын тазартатын тәсіл ойлап тапты
Ғалымдар Алматының ауасын тазартатын тәсіл ойлап тапты  - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.01.2024
Ғалымдар Алматының ауасын тазартатын тәсіл ойлап тапты
Ғылыми зерттеулерге арналған учаскенің жалпы аумағы – 9 гектар. Оның 2 гектарында қазіргі кезде жеміс ағаштары өсіп тұр. Яғни ауаны тазартуға бағытталған ғылыми жұмыстар қалған 7 гектарында жүргізіледі.
"Орман қорының негізгі көзі – ағаш. Жалпы ағаш өсімдіктерінің бір проценті ғана зерттелген. Біз ағаш өсімдіктерін, соның ішінде талшын және аршаны бірнеше жылдан бері зарттеп келеміз. Талшын 300-ден 500 жылға дейін, ал арша 800 жылға дейін өмір сүреді. Негізгі қасиеттері улы металдарды жапырақтарына сүзгі ретінде ұстап қалып, таза оттегін бөледі. Алматының ауасын тазарту үшін талшын және аршаны өсіруді ұсынып отырмыз", - дейді Байташева.
© Sputnik/Ертай Сарбасов Ертай СарбасовҒалымдар Алматының ауасын тазартатын тәсіл ойлап тапты
Ғалымдар Алматының ауасын тазартатын тәсіл ойлап тапты  - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.01.2024
Ғалымдар Алматының ауасын тазартатын тәсіл ойлап тапты
Ғалымдардың айтуынша, Алматының ауасының ластануы әсіресе қыста 17 есеге артады екен.
"Жоба екі міндеттен тұрады. Ол Алматы қаласының ауасын тазартуға және халықтың денсаулығын жақсартуға негізделген. Ауыр металл иондарын, зиянды заттарды бойына қарқынды сіңіретін ағаштарды әкімшілікпен келісе отырып, Алматы қаласында отырғызу жоспарланған. Осы мақсатта іс-сапармен Шығыс Қазақстанға барамыз. Ондағы ойымыз сол жақта өсетін Алтай үшқаты өсімдігін алып, оның құрамындағы белсенді заттарды бөліп алып, олардың адам денсаулығы үшін маңыздылығын анықтау", - дейді университеттің биология кафедрасының меңгерушісі Асқар Қалекешов.
© Sputnik/Ертай Сарбасов Ертай СарбасовҒалымдар Алматының ауасын тазартатын тәсіл ойлап тапты
Ғалымдар Алматының ауасын тазартатын тәсіл ойлап тапты  - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.01.2024
Ғалымдар Алматының ауасын тазартатын тәсіл ойлап тапты
Қала тұрғындарының денсаулығы мен экологияны жақсартуға бағытталған ғылыми-өндірістік жұмыстар биыл көктемде басталады. Өсімдіктер Алматы облысындағы Көлді агробиостансасының базасында өсіріледі. Бұл станса кездейсоқ таңдалып отырған жоқ. Бұрын мұнда биолог зерттеушілер мен болашақ биология мұғалімдері зоология және ботаника бойынша далалық зерттеу жұмыстарын жүргізетін. Яғни практикалық база бар.
Ауадағы зиянды қалдықтарды қарқынды сіңіретін өсімдіктерді өсіруден бөлек, адам ағзасын тазартатын биологиялық белсенді препараттар да дайындалады. Ол үшін ғалымдар Шығыс Қазақстан облысына арнайы экспедициямен аттанады.
© Sputnik/Ертай Сарбасов Ертай СарбасовҒалымдар Алматының ауасын тазартатын тәсіл ойлап тапты
Ғалымдар Алматының ауасын тазартатын тәсіл ойлап тапты  - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.01.2024
Ғалымдар Алматының ауасын тазартатын тәсіл ойлап тапты
Ауаны тазартумен айналысатын топтың құрамында экологтар, физиолог-генетиктер, докторанттар болады. Ғалымдар биыл 500-ге жуық көшет алуды жоспарлап отыр. Ал 2025 жылы Алматыны көгалдандыруға кіріспек. Зерттеу генетика және физиология ғылыми зерттеу институтымен бірлесіп жүргізіледі.
Айта кетейік, Алматының ауасын тазарту бойынша ғылыми зерттеу Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің есебінен қаржыландырылады.
Жаңалықтар
0