Елордалық балаларды қызылшаға қарсы жаппай егу жалғасып жатыр

© AFP 2024 / THOMAS KIENZLEШприцы с вакциной от коронавируса
Шприцы с вакциной от коронавируса  - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.01.2024
Жазылу
Дәрігерлер қызылшаның таралуын тоқтатудың және Балаларды қорғаудың жалғыз жолы вакцинация екенін еске салады
АЛМАТЫ, 17 қаңтар – Sputnik. Астанада 6 айдан 10 айға дейін және 2 жастан 4 жасқа дейінгі балаларға қызылшаға қарсы қосымша жаппай вакцинация жүргізілуде, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Вакцинация қаланың барлық алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарында жүргізіледі. Вакцинация алу үшін тіркелген жері бойынша емханаға хабарласу қажет. Қосымша жаппай иммундау үшін егу кабинеттері күн сайын сағат 8:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді.
Вакцинация алдында дәрігер тексеру жүргізеді, қызылшаның алдын алу және вакцинациядан кейінгі ықтимал реакциялар туралы кеңес береді.
Айта кету керек, елімізде және қаламызда аурушаңдықтың өсуіне байланысты қызылшаға қарсы қосымша жаппай иммундау қажет болды. Науқастардың көпшілігі 18 жасқа дейінгі балалар, негізінен 7 жасқа дейінгі балалар (85%) ауруханаға жатқызылды.
Бұл ретте халықтың ең қорғалмаған санаттары 6 айдан 11 айға дейінгі балалар. Егер баланың анасы вакцинацияланбаған болса, онда 6 айға дейінгі нәрестелерде қызылшаға шалдығу қаупі өте жоғары, өйткені баланың денесінде ана сүтімен берілетін аналық антиденелер жоқ. Сондықтан егу жасына (1 жасқа) жетпеген балалар қауіпті аймақта болып саналады.
Дәрігерлер қызылшаның таралуын тоқтатудың және Балаларды қорғаудың жалғыз жолы вакцинация екенін еске салады.
Жаңалықтар
0