Батыс Қазақстан обылысында 7 учаскеде жол жабылды

© Photo : "КазАвтоЖол"Метель
Метель - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.01.2024
Жазылу
Шектеу автокөліктің барлық түрлері үшін қолданылады
АСТАНА, 17 қаңтар – Sputnik. Ауа райының қолайсыздығына байланысты 1 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 7 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды ҚазАвтоЖол.

Батыс Қазақстан облысы

1.
"Орал-Тасқала-РФ шекарасы" жолының 4-104 шақырымы, Орал қаласы – РФ шекарасы – 100 шақырым.
2.
"Самара-Шымкент" тасжолының 195-251 шақырымы, РФ шекарасынан – Орал қаласына дейінгі аралық – 56 шақырым.
3.
"Самара-Шымкент" автожолының 261-393 шақырымы, Подстепное кентінен - Жымпиты кентіне дейінгі аралық – 132 шақырым.
4.
"Атырау-Орал" тасжолының 189-492 шақырымы, Атырау облысының шекарасынан – Орал қаласына дейін – 303 шақырым.
5.
"Орал-Теплое" жолының 5-33 шақырымы, Орал қаласынан – РФ шекарасына дейін – 28 шақырым.
6.
"Подстепное-Федоровка-РФ шекарасы" жолының 0-36 шақырымы, Подстепное кентінен – Федоровка ауылына дейін – 36 шақырым.
7.
"Жайық өзені арқылы өтетін көпір өткелі" жолының 0-14 шақырымы, Подстепное кентінен – Құс фабрикасына дейін – 14 шақырымы.
Шектеу автокөліктің барлық түрлері үшін қолданылады (бұрқасын, көріністің шектелуі).
Қазіргі уақытта республикалық маңызы бар автожолдарда 765 техника және 1452 адам жұмыс істеуде.
Жаңалықтар
0