Түркістан облысында үшем дүниеге келді
© Photo : Түркістан облысының әкімдігіТүркістан облысында үшем дүниеге келді
© Photo : Түркістан облысының әкімдігі
Жазылу
Нәрестелер 1875, 1735 және 2040 грамм болып дүние есігін ашты
АЛМАТЫ, 16 қаңтар – Sputnik. Түркістан облысы Төлеби ауданында үшем дүниеге келді, деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Нәрестелерге Алинұр, Аслана және Алана деген есім қойылды.
"Нәрестелердің салмағы – 1875, 1735 және 2040 грамм. Анасының жасы 40-та. Мерзімінен бұрын туған үшемдер салмақ қосып, денсаулығын жақсартқаннан кейін перзентханадан шығарылды”, - дейді ведомство.
Балалардың анасы аудандық емханада медбике, әкесі арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында санитар болып жұмыс істейді.
© Photo : Түркістан облысының әкімдігіТүркістан облысында үшем дүниеге келді
1/2
© Photo : Түркістан облысының әкімдігі
Түркістан облысында үшем дүниеге келді
© Photo : Түркістан облысының әкімдігіТүркістан облысында үшем дүниеге келді
2/2
© Photo : Түркістан облысының әкімдігі
Түркістан облысында үшем дүниеге келді
1/2
© Photo : Түркістан облысының әкімдігі
Түркістан облысында үшем дүниеге келді
2/2
© Photo : Түркістан облысының әкімдігі
Түркістан облысында үшем дүниеге келді
Отбасында бұған дейін бір ұл, бір қыз болған. Төлеби ауданында кейінгі бес жылда бірінші рет үшем дүниеге келген.
Бақытты отбасыға аудан басшылығы да сый тарту жасапты.