https://sputnik.kz/20240116/shygystagy-bir-audanynda-totenshe-zhagday-zhariyalandy-azyq-tulik-tikushaqpen-zhetkizilip-zhatyr-41601943.html
Шығыстың бір ауданында төтенше жағдай жарияланды: азық-түлік тікұшақпен жеткізіліп жатыр
Шығыстың бір ауданында төтенше жағдай жарияланды: азық-түлік тікұшақпен жеткізіліп жатыр
Sputnik Қазақстан
7 қаңтардан бері Күршім ауданында қар мен боран үдеп тұр. Кейбір жерлерде қардың қалыңдығы 2 метрге жетті 16.01.2024, Sputnik Қазақстан
2024-01-16T11:45+0500
2024-01-16T11:45+0500
2024-01-16T13:40+0500
шығыс қазақстан
қар
https://sputnik.kz/img/07e8/01/10/41601341_0:0:1024:576_1920x0_80_0_0_4e8a7ddb5fe9a49e9d9b107fd2c0b3c2.jpg
АЛМАТЫ, 16 қаңтар – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысының Күршім ауданында төтенше жағдай жарияланды.Аудандағы ауылдардың 1200-ден астам тұрғыны қар құрсауында қалды. Тұрғындарға азық-түлік пен дәрі-дәрмек тікұшақпен жеткізілді, деп хабарлайды облыстық әкімдік.7 қаңтардан бері Күршім ауданында қар мен боран үдеп тұр. Кейбір жерлерде қардың қалыңдығы 2 метрге жетті. Марқакөл және Төсқайың ауылдық округтерінің елді мекендері көлік қатынасынан ажырап қалды."Қардың шамадан көп жауып, боран болғандықтан елді мекендерге көлік қатынасы тоқтап қалды. Күршім ауданының әкімдігі жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялады", - деп жазды ведомство.Аудандағы 9 ауылға бір аптадан бері көлік қатынай алмай қалды. Шанақатты ауылында электр жарығы өшіп қалған."Жолды ашуға қосымша техника жөнелтілді. Қазіргі уақытта арнайы техниканың 24 бірлігі жұмылдырылған. Алайда боранға байланысты жұмыс істеу қиындап тұр. Күршім ауданына қажетті көмек көрсету үшін ШҚО бойынша ТЖ департаментінің жоғары өтпелі техникасы келді", - дейді облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.Жергілікті биліктің айтуынша, қар сулы, бұл тазарту жұмыстарын қиындатып тұр. Марқакөл және Төсқайың ауылдық округтері мектептерінің оқушылары 8 қаңтардан бастап қашықтан оқып жатыр.
шығыс қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/01/10/41601341_128:0:896:576_1920x0_80_0_0_f04e5eeeaa2112b8c4bdd6ab7979edbb.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
шығыс қазақстан, қар
Шығыстың бір ауданында төтенше жағдай жарияланды: азық-түлік тікұшақпен жеткізіліп жатыр
11:45 16.01.2024 (жаңартылды: 13:40 16.01.2024) 7 қаңтардан бері Күршім ауданында қар мен боран үдеп тұр. Кейбір жерлерде қардың қалыңдығы 2 метрге жетті
АЛМАТЫ, 16 қаңтар – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысының Күршім ауданында төтенше жағдай жарияланды.
Аудандағы ауылдардың 1200-ден астам тұрғыны қар құрсауында қалды. Тұрғындарға азық-түлік пен дәрі-дәрмек тікұшақпен жеткізілді, деп хабарлайды облыстық әкімдік.
7 қаңтардан бері Күршім ауданында қар мен боран үдеп тұр. Кейбір жерлерде қардың қалыңдығы 2 метрге жетті. Марқакөл және Төсқайың ауылдық округтерінің елді мекендері көлік қатынасынан ажырап қалды.
"Қардың шамадан көп жауып, боран болғандықтан елді мекендерге көлік қатынасы тоқтап қалды. Күршім ауданының әкімдігі жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялады", - деп жазды ведомство.
Аудандағы 9 ауылға бір аптадан бері көлік қатынай алмай қалды. Шанақатты ауылында электр жарығы өшіп қалған.
"Жолды ашуға қосымша техника жөнелтілді. Қазіргі уақытта арнайы техниканың 24 бірлігі жұмылдырылған. Алайда боранға байланысты жұмыс істеу қиындап тұр. Күршім ауданына қажетті көмек көрсету үшін ШҚО бойынша ТЖ департаментінің жоғары өтпелі техникасы келді", - дейді облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.
Жергілікті биліктің айтуынша, қар сулы, бұл тазарту жұмыстарын қиындатып тұр. Марқакөл және Төсқайың ауылдық округтері мектептерінің оқушылары 8 қаңтардан бастап
қашықтан оқып жатыр.