Ресей Қазақстанның мал шаруашылығы өнімдері үшін өз нарығын ашты

© Sputnik / Алексей Мальгавко / Медиабанкке өтуАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.01.2024
Жазылу
2022 жылдың қаңтарында Қарағанды облысында аусыл шығуына байланысты Ресейде қазақстандық өнімнің импорты шектелген болатын
АСТАНА, 16 қаңтар – Sputnik. Ресей Федерациясы Қазақстаннан мал шаруашылығы өнімдерін әкелуге қойылған шектеулерді алып тастады, деп хабарлады Ауыл шаруашылығы министрлігі.
Шешім Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының ауыл шаруашылығы министрлері Айдарбек Сапаров пен Дмитрий Патрушев арасындағы желтоқсандағы келіссөздер барысында қол жеткізілген уағдаластықтардың нәтижесінде қабылданды.
"Қазақстан өнімін экспорттаудағы кедергілерді жою жұмыстары мемлекет басшысының тапсырмасы аясында жүргізілуде. Бұл Қазақстан мен Ресейдің ауыл шаруашылығы саласы үшін маңызды қадам, қос ел арасындағы сауда-экономикалық байланысты нығайтуға ықпал етеді", - деп атап өтті Айдарбек Сапаров.
2022 жылдың қаңтарында Қарағанды облысында аусыл ауруының шығуына байланысты Ресейде қазақстандық өнімнің импорты шектелген болатын.
"Алайда 2 жылдық үзілістен кейін Дүниежүзілік жануарлар денсаулығы ұйымының вакцинациясымен ресми қолайлы аймақ мәртебесіне ие Қазақстанның аймақтарынан алынған мал шаруашылығы өнімдерін жеткізуге нарық ашылады. Қалған өңірлерде жұмыс жалғасады", - делінген хабарламада.
Келісім аясында Ресейге сиыр еті, қой еті, шошқа еті, сүт және сүт өнімдері, сондай-ақ өзге де ет өнімдерін экспорттау қолжетімді.
Бұған дейін Қазақстан ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті 16 қаңтардан бастап Ресейдің 26 өңірінен республикаға бірқатар тауарды әкелуге бұрын енгізілген санитариялық шектеулерді алып тастағаны хабарланды.
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.01.2024
Қазақстан Ресейден тірі малды, ет пен сүтті транзиттеуге және әкелуге тыйымды алып тастады
Жаңалықтар
0