https://sputnik.kz/20240116/qazaqstannyn-bukil-onirinde-elektrondyq-saudany-oqytu-ortalyqtary-ashylady-41600584.html
Қазақстанның бүкіл өңірінде электрондық сауданы оқыту орталықтары ашылады
Қазақстанның бүкіл өңірінде электрондық сауданы оқыту орталықтары ашылады
Sputnik Қазақстан
Бүгінде мұндай оқыту орталықтары батыс өңірінің төрт облысында іске қосылды 16.01.2024, Sputnik Қазақстан
2024-01-16T11:28+0500
2024-01-16T11:28+0500
2024-01-16T11:28+0500
сауда
https://sputnik.kz/img/07e8/01/0b/41492158_0:0:1280:720_1920x0_80_0_0_6f09172d213d4022ffae0d8d372a988c.jpg
АСТАНА, 16 қаңтар – Sputnik. Кәсіпкерлер үшін еліміздің барлық өңірінде электрондық сауданы оқыту орталықтары ашылады. Бұл туралы сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Айтуынша, егер экспорттық әлеует болса, онда орталықтарда контрпартнер іздеуден бастап сақтандыру және қаржылық шараларды қоса алғанда, көлік шығындарын өтеуге дейінгі Қазтрейд және ҚазақЭкспорт құралдары қосылады.Сонымен қатар "Nomads of Central Asia" брендінің қолөнер сияқты тауарларын бірлесіп іске асыру үшін Орталық Азиямен бірге ірі әлемдік маркетплейстерде Орталық Азия павильонын ашу мәселесі пысықталады."Электронды сату арқылы басқа елдермен тауар айналымын жыл сайын 100 млн АҚШ долларынан астамға ұлғайтуды көздеп отырмыз", - деді ведомство басшысы.Министр электрондық сауданы дамыту шарттарының бірі – қойма және логистика инфрақұрылымының болуы екенін атап өтті.2024 жылдың соңына дейін трансшекаралық электронды сауданы ынталандыру үшін Қытай тарапымен бірлесіп Қазақстанда өңірлік қойма инфрақұрылымын құру мәселесін пысықтау жоспарланып отыр.Сонымен қатар, Ақтөбе және Ақтау қалаларында фулфилмент орталықтары мен бонд қоймалары желісін дамыту жұмысы жалғасады.Бонд қоймаларын ашу Қытайдан Еуропаға және кері бағытта тауарларды одан әрі транзиттеу үшін ірі шетелдік маркетплейстердің тауарларын орналастыруға мүмкіндік береді. Бұл шетелдік тауарларды қазақстандық сатып алушыларға жеткізу уақытын алпыстан жеті күнге дейін қысқартуға мүмкіндік береді, деді министр.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/01/0b/41492158_160:0:1120:720_1920x0_80_0_0_40e907d3ea7e298ed376fd4163f83af5.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
сауда
Қазақстанның бүкіл өңірінде электрондық сауданы оқыту орталықтары ашылады
Бүгінде мұндай оқыту орталықтары батыс өңірінің төрт облысында іске қосылды
АСТАНА, 16 қаңтар – Sputnik. Кәсіпкерлер үшін еліміздің барлық өңірінде электрондық сауданы оқыту орталықтары ашылады. Бұл туралы сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Сауда бөлігінде шағын және орта бизнес субъектілеріне кешенді мемлекеттік қолдау көрсету мақсатында "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлік палатасымен бірлесіп барлық өңірде электрондық сауданы оқыту орталықтары ашылады. Бүгінде мұндай оқыту орталықтары батыс өңірінің төрт облысында іске қосылды. Кәсіпкерлерге маркетплейстерде қалай тіркелуді, тауарды қалай сатуды және логистиканы құруды үйретеді", - деді Шаққалиев үкімет отырысында.
Айтуынша, егер экспорттық әлеует болса, онда орталықтарда контрпартнер іздеуден бастап сақтандыру және қаржылық шараларды қоса алғанда, көлік шығындарын өтеуге дейінгі Қазтрейд және ҚазақЭкспорт құралдары қосылады.
Сонымен қатар "Nomads of Central Asia" брендінің қолөнер сияқты тауарларын бірлесіп іске асыру үшін Орталық Азиямен бірге ірі әлемдік маркетплейстерде Орталық Азия павильонын ашу мәселесі пысықталады.
"Электронды сату арқылы басқа елдермен тауар айналымын жыл сайын 100 млн АҚШ долларынан астамға ұлғайтуды көздеп отырмыз", - деді ведомство басшысы.
Министр электрондық сауданы дамыту шарттарының бірі – қойма және логистика инфрақұрылымының болуы екенін атап өтті.
2024 жылдың соңына дейін трансшекаралық электронды сауданы ынталандыру үшін Қытай тарапымен бірлесіп Қазақстанда өңірлік қойма инфрақұрылымын құру мәселесін пысықтау жоспарланып отыр.
Сонымен қатар, Ақтөбе және Ақтау қалаларында фулфилмент орталықтары мен бонд қоймалары желісін дамыту жұмысы жалғасады.
Бонд қоймаларын ашу Қытайдан Еуропаға және кері бағытта тауарларды одан әрі транзиттеу үшін ірі шетелдік маркетплейстердің тауарларын орналастыруға мүмкіндік береді. Бұл шетелдік тауарларды қазақстандық сатып алушыларға жеткізу уақытын алпыстан жеті күнге дейін қысқартуға мүмкіндік береді, деді министр.