https://sputnik.kz/20240116/mugalimder-zhumystan-tungi-klubqa-bargany-ushin-shygarylgan-zhoq--bilim-basqarmasy-41606313.html
Мұғалімдер жұмыстан түнгі клубқа барғаны үшін шығарылған жоқ – білім басқармасы
Мұғалімдер жұмыстан түнгі клубқа барғаны үшін шығарылған жоқ – білім басқармасы
Sputnik Қазақстан
Қызылорда облысының білім басқармасы мұғалімдердің жұмыстан босатылуына олардың жұмысқа келмеуі себеп болды деп отыр 16.01.2024, Sputnik Қазақстан
2024-01-16T15:30+0500
2024-01-16T15:30+0500
2024-01-16T15:30+0500
қызылорда облысы
https://sputnik.kz/img/07e4/08/19/14792330_1:0:3000:1687_1920x0_80_0_0_27dc2ef370980a67f880ab6b3fd0f028.jpg
АСТАНА, 16 қаңтар – Sputnik. Мұғалімдер Түркиядағы трансвеститтерге арналған түнгі клубқа барғаны үшін емес, белгісіз себептермен ескертусіз жұмысқа келмегені үшін жұмыстан шығарылды, деп хабарлады Қызылорда облысының білім басқармасы.Еске салайық, қысқы демалыс кезінде екі мұғалім Түркияға демалуға барған. БАҚ жазғандай, олар трансвеститтерге арналған түнгі клубқа барып, ол туралы әлеуметтік желіде видео жариялаған.Әлеуметтік желідегі шудан кейін мұғалімдер жұмыстан шығарылды.Оқу-ағарту министрлігі Білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің басшысы Ернұр Дәуенов этикалық нормаларды сақтау мұғалімдердің мінез-құлқы мен іс-әрекетінің қалыпты сипаты болуы керектігін айтты."Қысқы каникулда Түркияда түнгі клубта демалып жатқан Қызылорда облысының екі мұғалімі әлеуметтік желіде жариялаған видеолары ата-аналар қауымының наразылығын тудырды. Мұғалімдер жұмыстан босатылды", - деп түсіндірді ол.Дәуенов сондай-ақ ұстаздарды моральдық-адамгершілік құндылықтар талабына сай болуға шақырды.
қызылорда облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/08/19/14792330_376:0:2625:1687_1920x0_80_0_0_08c68ab8d228d503910933cd087c9b24.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қызылорда облысы
Мұғалімдер жұмыстан түнгі клубқа барғаны үшін шығарылған жоқ – білім басқармасы
Қызылорда облысының білім басқармасы мұғалімдердің жұмыстан босатылуына олардың жұмысқа келмеуі себеп болды деп отыр
АСТАНА, 16 қаңтар – Sputnik. Мұғалімдер Түркиядағы трансвеститтерге арналған түнгі клубқа барғаны үшін емес, белгісіз себептермен ескертусіз жұмысқа келмегені үшін жұмыстан шығарылды, деп хабарлады Қызылорда облысының білім басқармасы.
"Қызылорда облысы Қармақшы ауданына қарасты 250 мектеп-лицейінде жұмыс істеген мұғалімдер жалақысы сақталмайтын демалыс күндерін қоспағанда 2-5 жұмыс күні аралығында белгісіз себептермен ескертусіз жұмысқа келмеген. Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 49-бабының 5-тармағына сәйкес өз өтініші бойынша жұмыстан босатылғанын хабарлаймыз", - делінген ведомствоның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Еске салайық, қысқы демалыс кезінде екі мұғалім Түркияға демалуға барған. БАҚ жазғандай, олар трансвеститтерге арналған түнгі клубқа барып, ол туралы әлеуметтік желіде видео жариялаған.
Әлеуметтік желідегі шудан кейін мұғалімдер жұмыстан шығарылды.
Оқу-ағарту министрлігі Білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің басшысы Ернұр Дәуенов этикалық нормаларды сақтау мұғалімдердің мінез-құлқы мен іс-әрекетінің қалыпты сипаты болуы керектігін айтты.
"Қысқы каникулда Түркияда түнгі клубта демалып жатқан Қызылорда облысының екі мұғалімі әлеуметтік желіде жариялаған видеолары ата-аналар қауымының наразылығын тудырды. Мұғалімдер жұмыстан босатылды", - деп түсіндірді ол.
Дәуенов сондай-ақ ұстаздарды моральдық-адамгершілік құндылықтар талабына сай болуға шақырды.