https://sputnik.kz/20240116/eldin-on-onirinde-dauyldy-eskertu-zhariyalandy-41595092.html
Елдің он өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Елдің он өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Sputnik Қазақстан
Елдің басым бөлігінде тұман түсіп, бұрқасын болады 16.01.2024, Sputnik Қазақстан
2024-01-16T08:09+0500
2024-01-16T08:09+0500
2024-01-16T08:09+0500
өңірлер
ауа райы
https://sputnik.kz/img/07e7/04/11/33994724_0:0:1920:1080_1920x0_80_0_0_5a9c846a4c5d4cc5f55d129f6e081633.jpg
АСТАНА, 16 қаңтар – Sputnik. Синоптиктер республиканың 10 облысында ауа райына байланысты ескерту жариялады."Қазгидрометтің" хабарлауынша, 16 қаңтарда Алматыда кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады.Шымкентте тұман түседі. Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аймақтарында кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады.Жамбыл облысының солтүстік-шығысында, таулы аймақтарында жаяу бұрқасын болып, солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аймақтарында желдің жылдамдығы 15-20 м/с, екпіні 23 м/с дейін жетеді.Жетісу облысының орталығында, таулы аймақтарда тұман түсіп, көктайғақ болуы ықтимал. Алакөл көлі аумағында түнде солтүстік-шығыстан жел тұрып, екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.Батыс Қазақстан облысының батысы мен солтүстігінде жаяу бұрқасын болады. Оңтүстіктен жел соғып, күндіз облыстың батысы мен солтүстігінде екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.Қарағанды облысының оңтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі.Қызылорда облысының оңтүстігі мен шығысында - тұман.Солтүстік Қазақстан облысының батысында күндіз оңтүстік-батыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.Түркістан облысының таулы аймақтарында қалың қар жауады. Облыстың солтүстігінде, таулы аймақтарында бұрқасын болады. Ал батысында, солтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында тұман түседі. Шығыстан жел соғып, солтүстікте, таулы аймақтарда екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/04/11/33994724_240:0:1680:1080_1920x0_80_0_0_62cf20689bfbe4050e36b5c5f900bc71.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ауа райы
Елдің он өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Елдің басым бөлігінде тұман түсіп, бұрқасын болады
АСТАНА, 16 қаңтар – Sputnik. Синоптиктер республиканың 10 облысында ауа райына байланысты ескерту жариялады.
"Қазгидрометтің" хабарлауынша, 16 қаңтарда Алматыда кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады.
Шымкентте тұман түседі. Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аймақтарында кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады.
Жамбыл облысының солтүстік-шығысында, таулы аймақтарында жаяу бұрқасын болып, солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аймақтарында желдің жылдамдығы 15-20 м/с, екпіні 23 м/с дейін жетеді.
Жетісу облысының орталығында, таулы аймақтарда тұман түсіп, көктайғақ болуы ықтимал. Алакөл көлі аумағында түнде солтүстік-шығыстан жел тұрып, екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.
Батыс Қазақстан облысының батысы мен солтүстігінде жаяу бұрқасын болады. Оңтүстіктен жел соғып, күндіз облыстың батысы мен солтүстігінде екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.
Қарағанды облысының оңтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі.
Қызылорда облысының оңтүстігі мен шығысында - тұман.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында күндіз оңтүстік-батыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.
Түркістан облысының таулы аймақтарында қалың қар жауады. Облыстың солтүстігінде, таулы аймақтарында бұрқасын болады. Ал батысында, солтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында тұман түседі. Шығыстан жел соғып, солтүстікте, таулы аймақтарда екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.