Экс-әнші Рахат Тұрлыханов қамауға алынды

© Sputnik / Тимур БатыршинНаручники, архивное фото
Наручники, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.01.2024
Жазылу
Бұған дейін бірінші сатылы сот Тұрлыхановқа әкімшілік ескерту туралы қаулы шығарған болатын
АЛМАТЫ, 16 қаңтар – Sputnik. Рахат Тұрлыханов 10 күнге қамауға алынды, деп хабарлайды Алматы қаласының соты.
Ол тұрмыстық жанжал кезінде әйеліне қол жұмсағаны үшін жазаға тартылды.

"Алматы қалалық соты Рахат Тұрлыхановқа қатысты ұрып-соғу дерегі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық бойынша істі қарауды аяқтады. Сот ұрып-соққаны үшін әкімшілік қамаққа алу туралы қаулы шығарды", - деп жазды қалалық сот.

Айта кетейік, бұған дейін бірінші сатылы сот Тұрлыхановқа әкімшілік ескерту туралы қаулы шығарған болатын.
Алайда сот бірінші сатылы соттың қаулысын жоққа шығарған. Өйткені экс-әнші бұған дейін де әйелін бірнеше рет соққан көрінеді.
"Әкімшілік істі қарау барысында сот алқасы бұрын жұбайын бірнеше рет ұрып-соғу фактілерін ескеріп, бірінші сатылы соттың тағайындаған жазасымен келіспеді. Сот алқасының қаулысымен Р. Тұрлыхановқа қатысты жаза - ескертуден, 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алуға өзгертілді", - дейді ведомство.
Қаулы заңды күшіне енді.
Даулет Турлыханов  - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.07.2023
"Абыройымды түсіре алмайды": Дәулет Тұрлыханов ұлына қатысты жағдай туралы үн қатты
Жаңалықтар
0