https://sputnik.kz/20240116/eek-pen-ddu-ozara-tusinistik-turaly-memorandumdy-iske-asyrady-41604191.html
ЕЭК пен ДДҰ өзара түсіністік туралы меморандумды іске асырады
ЕЭК пен ДДҰ өзара түсіністік туралы меморандумды іске асырады
Sputnik Қазақстан
ЕЭК пен ДДҰ Еуропалық өңірлік бюросы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумды іске асыру жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының... 16.01.2024, Sputnik Қазақстан
2024-01-16T13:54+0500
2024-01-16T13:54+0500
2024-01-16T13:54+0500
еаэо
https://sputnik.kz/img/07e7/0c/19/41195363_0:49:1280:769_1920x0_80_0_0_3f6c8b2a6b3be9fc5c5de638bd4436c5.jpg
АСТАНА, 16 қаңтар – Sputnik. Еуразиялық экономикалық комиссияның Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен (ДДҰ) ынтымақтастығын нығайту және арттыру, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ елдеріндегі қоғамдық денсаулық сақтаудың өзекті мәселелерін шешу мақсатында ЕЭК Санитариялық, фитосанитариялық және ветеринариялық шаралар департаменті ДДҰ Еуропалық өңірлік бюросының өкілі, ЕЭК-пен өзара іс-қимыл жасауға жауапты Бахтыгуль Каррыевамен кездесу ұйымдастырды. Бұл туралы Эуразиялық экономикалық комиссияның баспасөз қызметі хабарлады.Іс-шарада ЕЭК пен ДДҰ Еуропалық өңірлік бюросы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумды іске асыру жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының орындалуы талқыланды. Кездесуде ЕЭК Санитариялық, фитосанитариялық және ветеринариялық шаралар департаментінің директоры Наталья Жукованың төрағалық етті. Талқылауға сонымен қатар Комиссияның Еңбек көші-қоны және әлеуметтік қорғау департаментінің директоры Алтынай Өмірбекова, сондай-ақ ЕЭК Техникалық реттеу және аккредиттеу департаментінің өкілдері қатысты.Еске салсақ, Меморандумға 2021 жылы ЕЭК Техникалық реттеу жөніндегі министрі Виктор Назаренко мен ДДҰ Еуропалық өңірлік бюросының директоры доктор Ханс Клюге қол қойған. Меморандумның шеңберінде жүргізіліп жатқан ынтымақтастық ЕЭК пен ДДҰ-ның халықтың денсаулығын сақтау мен қамтамасыз етудің өзекті бағыттары бойынша өзара іс-қимылын нығайтуға, Еуразия өңіріндегі ЕЭК пен ДДҰ-ның өзара іс-қимылын және өзара келісілген ынтымақтастық нысандарын дамыту үшін ортақ салаларды айқындауға бағытталған."Жоспарды іске асыру ЕАЭО мемлекеттері азаматтарының денсаулығы мен әл-ауқатын сақтауға, оларға профилактикалық медицина саласындағы ғылыми-зерттеу және практикалық жетістіктердің нәтижелеріне уақытылы және толық қол жеткізуді қамтамасыз етуге, инфекциялық қатерлерден сақтауға және қорғауға, өмір сүру ұзақтығы мен сапасын арттыруға мүмкіндік беретініне сенімдімін", — деді Бахтыгуль Каррыева.ЕЭК мүдделі департаменттерінің өкілдері іс-шаралар жоспарының бірқатар тармағының орындалуы туралы ақпарат ұсынды. ДДҰ-ның халықаралық тәжірибесі мен ұсынымдарын ескере отырып, бұдан арғы ынтымақтастық және ЕЭК қызметі салаларында өзара қызығушылық тудыратын осы құжатты іске асыру мәселелері талқыланды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/0c/19/41195363_95:0:1186:818_1920x0_80_0_0_8fba9fc3f790e915ef90df0782a760ed.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
еаэо
ЕЭК пен ДДҰ өзара түсіністік туралы меморандумды іске асырады
ЕЭК пен ДДҰ Еуропалық өңірлік бюросы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумды іске асыру жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының орындалуы талқыланды
АСТАНА, 16 қаңтар – Sputnik. Еуразиялық экономикалық комиссияның Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен (ДДҰ) ынтымақтастығын нығайту және арттыру, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ елдеріндегі қоғамдық денсаулық сақтаудың өзекті мәселелерін шешу мақсатында ЕЭК Санитариялық, фитосанитариялық және ветеринариялық шаралар департаменті ДДҰ Еуропалық өңірлік бюросының өкілі, ЕЭК-пен өзара іс-қимыл жасауға жауапты Бахтыгуль Каррыевамен кездесу ұйымдастырды. Бұл туралы Эуразиялық экономикалық комиссияның баспасөз қызметі хабарлады.
Іс-шарада ЕЭК пен ДДҰ Еуропалық өңірлік бюросы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумды іске асыру жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының орындалуы талқыланды. Кездесуде ЕЭК Санитариялық, фитосанитариялық және ветеринариялық шаралар департаментінің директоры Наталья Жукованың төрағалық етті. Талқылауға сонымен қатар Комиссияның Еңбек көші-қоны және әлеуметтік қорғау департаментінің директоры Алтынай Өмірбекова, сондай-ақ ЕЭК Техникалық реттеу және аккредиттеу департаментінің өкілдері қатысты.
"Комиссия мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы арасындағы диалог жаңа, жоғары деңгейге көшті және Өзара түсіністік туралы меморандум жасалған сәттен бастап белсенді дамуын жалғастыруда", — деді Наталья Жукова.
Еске салсақ, Меморандумға 2021 жылы ЕЭК Техникалық реттеу жөніндегі министрі Виктор Назаренко мен ДДҰ Еуропалық өңірлік бюросының директоры доктор Ханс Клюге қол қойған. Меморандумның шеңберінде жүргізіліп жатқан ынтымақтастық ЕЭК пен ДДҰ-ның халықтың денсаулығын сақтау мен қамтамасыз етудің өзекті бағыттары бойынша өзара іс-қимылын нығайтуға, Еуразия өңіріндегі ЕЭК пен ДДҰ-ның өзара іс-қимылын және өзара келісілген ынтымақтастық нысандарын дамыту үшін ортақ салаларды айқындауға бағытталған.
"Жоспарды іске асыру ЕАЭО мемлекеттері азаматтарының денсаулығы мен әл-ауқатын сақтауға, оларға профилактикалық медицина саласындағы ғылыми-зерттеу және практикалық жетістіктердің нәтижелеріне уақытылы және толық қол жеткізуді қамтамасыз етуге, инфекциялық қатерлерден сақтауға және қорғауға, өмір сүру ұзақтығы мен сапасын арттыруға мүмкіндік беретініне сенімдімін", — деді Бахтыгуль Каррыева.
ЕЭК мүдделі департаменттерінің өкілдері іс-шаралар жоспарының бірқатар тармағының орындалуы туралы ақпарат ұсынды. ДДҰ-ның халықаралық тәжірибесі мен ұсынымдарын ескере отырып, бұдан арғы ынтымақтастық және ЕЭК қызметі салаларында өзара қызығушылық тудыратын осы құжатты іске асыру мәселелері талқыланды.