https://sputnik.kz/20240116/biz-ekonomikany-turaqty-osu-traektoriyasyna-shygara-aldyq--mishustin-41620144.html
Біз экономиканы тұрақты өсу траекториясына шығара алдық – Мишустин
Біз экономиканы тұрақты өсу траекториясына шығара алдық – Мишустин
Sputnik Қазақстан
Әрбір салада оң өзгеріс байқалып отыр, деді Ресей премьер-министрі 16.01.2024, Sputnik Қазақстан
2024-01-16T20:34+0500
2024-01-16T20:34+0500
2024-01-16T20:34+0500
ресей
көрме
https://sputnik.kz/img/07e7/0c/0c/40859892_0:0:3107:1748_1920x0_80_0_0_087c36297398739dfea9ce3a0a327e8f.jpg
АЛМАТЫ, 16 қаңтар – Sputnik. Ресей сыртқы тәуекелдерді бейтараптандырып, экономикасын тұрақты өсу траекториясына шығара білді, әр салада оң өзгеріс бар, деп мәлімдеді РФ премьер-министрі Михаил Мишустин.Оның айтуынша, мұның барлығы президент тапсырмалары мен үкімет жұмысының, оның ішінде жалпыұлттық мақсаттарға қол жеткізу, стратегиялық бастамалар мен мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асырудың нәтижесі.Премьер-министр "Россия" көрмесінде елдің жетістіктеріне белсенді қызығушылық танытқан шетелдік қонақтардың көп екенін айтты."Россия" халықаралық көрме форумы 4 қарашада Мәскеуде Ұлттық бірлік күні ашылды. Көрме кеңестік кезеңнен бергі осындай ауқымдағы алғашқы шара болып отыр. Ол 2024 жылдың 12 сәуіріне дейін жалғасады. Іс-шараның мақсаты – ел экономикасының әртүрлі салаларындағы ең маңызды жетістіктерді көрсету, сондай-ақ халықаралық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға жәрдемдесу.Желтоқсан айында "Россия" көрме форумына ТМД елдерінің үкімет басшылары, оның ішінде Қазақстан премьер-министрі Әлихан Смайылов барды.Сонымен қатар көрмеде Қазақстан мен Ресей арасындағы бірнеше бірлескен жоба ұсынылды.
ресей
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/0c/0c/40859892_376:0:3107:2048_1920x0_80_0_0_7d621adb76038a252c2029d00290a3cb.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ресей, көрме
Біз экономиканы тұрақты өсу траекториясына шығара алдық – Мишустин
Әрбір салада оң өзгеріс байқалып отыр, деді Ресей премьер-министрі
АЛМАТЫ, 16 қаңтар – Sputnik. Ресей сыртқы тәуекелдерді бейтараптандырып, экономикасын тұрақты өсу траекториясына шығара білді, әр салада оң өзгеріс бар, деп мәлімдеді РФ премьер-министрі Михаил Мишустин.
"Әр салада оң өзгеріс байқалады. Бізде көрсететін нәрсе бар: біз экономиканы тұрақты өсу траекториясына шығара алдық. Экономикалық даму министрлігінің мәліметі бойынша 2023 жылдың 11 айында ЖІӨ 3,3%-ға, ал өңдеу өнеркәсібінің көрсеткіштері 7,5%-ға өскен", - деді ол "Россия" көрмесінде.
Оның айтуынша, мұның барлығы президент тапсырмалары мен үкімет жұмысының, оның ішінде жалпыұлттық мақсаттарға қол жеткізу, стратегиялық бастамалар мен мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асырудың нәтижесі.
Премьер-министр "Россия" көрмесінде елдің жетістіктеріне белсенді қызығушылық танытқан шетелдік қонақтардың көп екенін айтты.
"Россия" халықаралық көрме форумы 4 қарашада Мәскеуде Ұлттық бірлік күні ашылды. Көрме кеңестік кезеңнен бергі осындай ауқымдағы алғашқы шара болып отыр. Ол 2024 жылдың 12 сәуіріне дейін жалғасады. Іс-шараның мақсаты – ел экономикасының әртүрлі салаларындағы ең маңызды жетістіктерді көрсету, сондай-ақ халықаралық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға жәрдемдесу.
Желтоқсан айында "Россия" көрме форумына ТМД елдерінің үкімет басшылары, оның ішінде Қазақстан премьер-министрі Әлихан Смайылов барды.
Сонымен қатар көрмеде Қазақстан мен Ресей арасындағы бірнеше бірлескен жоба ұсынылды.