2030 жылға қарай электронды сауданың үлесі 20%-ға дейін артады

© Sputnik / Санат ИмангалиевАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.01.2024
Жазылу
Қазақстандықтар негізінен интернет арқылы тұрмыстық заттар, киім-кешек, азық-түлік, косметика және дәрі-дәрмек сатып алады
АСТАНА, 16 қаңтар – Sputnik. Өткен жылдың 11 айында электронды сауда көлемі шамамен 2,2 трлн теңгені құрап, бөлшек сауда көлемінен 13%-ға дейін өсті. Бұл туралы сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев электронды сауданы одан әрі дамыту мәселелері қаралған үкімет отырысында айтты, деп хабарлады премьер-министрдің баспасөз қызметі.
2022 жылдың қорытындысы бойынша елімізде электронды сауданың үлесі – 12,5%-ды құрады, бұл шамамен екі трлн теңге.
Қазақстандықтар негізінен интернет арқылы тұрмыстық заттар, киім-кешек пен аяқ киім, азық-түлік, косметика және дәрі-дәрмек сатып алады.
"Сонымен қатар министрліктің алдында электронды сауданың үлесін 2030 жылға қарай 20%-ға дейін жеткізу міндеті тұр", - деді министр.
Аталған жұмыс шеңберінде танымал маркетплейстерде отандық өндіріс тауарларының ұсынылуын кеңейту, қойма және логистикалық инфрақұрылымды дамыту, сондай-ақ тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөнінде шаралар қабылданатын болады.
Қазақстанда 2023 жылы е-коммерция көлемі 2,2 трлн теңгеден асып, барлық бөлшек сауданың 13%-ын құрады. Біздегі нарықтың ауқымды бөлігі шетелдік интернет-алаңдарға тиесілі.
Жаңалықтар
0