https://sputnik.kz/20240115/zelenskiy-qytaydyn-qatysuymen-otetin-beybit-kelissoz-turaly-aytty-41600905.html
Зеленский Қытайдың қатысуымен өтетін бейбіт келіссөз туралы айтты
Зеленский Қытайдың қатысуымен өтетін бейбіт келіссөз туралы айтты
Sputnik Қазақстан
Трансляция Зеленскийдің әлеуметтік желідегі аккаунттарында жүргізілді 15.01.2024, Sputnik Қазақстан
2024-01-15T11:21+0500
2024-01-15T11:21+0500
2024-01-16T11:21+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
зеленский
украина
қытай
https://sputnik.kz/img/07e7/02/0d/32043911_0:0:3079:1731_1920x0_80_0_0_3ca1ad9db270461161c534867ea198c7.jpg
АСТАНА, 16 қаңтар – Sputnik. Ресей президенті Владимир Путинмен келіссөзге ресми түрде тыйым салған Украина президенті Владимир Зеленский қақтығысты Киевтің "бейбітшілік формуласы" бойынша шешу туралы тағы да айтты. Оның айтуынша, Украина тарапы Қытайдың "бейбітшілік саммитіне" қатысуын қалайды, деп хабарлады РИА Новости.Бір күн бұрын Зеленский кеңсесінің басшысы Андрей Ермак Киевтің Украинаның "бейбітшілік формуласын" бекіту үшін саммит өткізгісі келетінін айтты. Бұған дейін Швейцария сыртқы істер министрі Иньяцио Кассис Украинадағы қақтығысты бейбіт жолмен шешуге Ресейдің қатысуына балама жоқ және Ресей Федерациясы қатысуынсыз бейбіт конференция өткізу мүмкін емес деп мәлімдеді.Өз кезегінде РФ президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Давостағы Зеленскийдің "бейбітшілік формуласы" бойынша елдердің кездесуі бос әңгіме болатынын, өйткені Ресей қатысуынсыз өтетін мұндай пікірталастың нәтижесі жоқ екенін айтты.Трансляция Зеленскийдің әлеуметтік желідегі аккаунттарында жүргізілді.Киев әзірлеген "бейбітшілік формуласы" Украинаның аумақтық тұтастығын қалпына келтіруді, еуроатлантикалық қауіпсіздік кепілдіктерін қамтамасыз етуді және Ресейге тағылған "әскери қылмыстарды" тергеу үшін арнайы трибунал құруды талап етеді. Мәскеудегілер Зеленскийдің "бейбітшілік формуласы" шынайылықтан мүлдем алыс деп санайды.
украина
қытай
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/02/0d/32043911_14:0:2745:2048_1920x0_80_0_0_58fcf8df660b8006f852a809039b1a2b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
зеленский, украина, қытай
зеленский, украина, қытай
Зеленский Қытайдың қатысуымен өтетін бейбіт келіссөз туралы айтты
11:21 15.01.2024 (жаңартылды: 11:21 16.01.2024) Трансляция Зеленскийдің әлеуметтік желідегі аккаунттарында жүргізілді
АСТАНА, 16 қаңтар – Sputnik. Ресей президенті Владимир Путинмен келіссөзге ресми түрде тыйым салған Украина президенті Владимир Зеленский қақтығысты Киевтің "бейбітшілік формуласы" бойынша шешу туралы тағы да айтты. Оның айтуынша, Украина тарапы Қытайдың "бейбітшілік саммитіне" қатысуын қалайды, деп хабарлады
РИА Новости.
Бір күн бұрын Зеленский кеңсесінің басшысы Андрей Ермак Киевтің Украинаның "бейбітшілік формуласын" бекіту үшін саммит өткізгісі келетінін айтты. Бұған дейін Швейцария сыртқы істер министрі Иньяцио Кассис Украинадағы қақтығысты бейбіт жолмен шешуге Ресейдің қатысуына балама жоқ және Ресей Федерациясы қатысуынсыз бейбіт конференция өткізу мүмкін емес деп мәлімдеді.
Өз кезегінде РФ президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Давостағы Зеленскийдің "бейбітшілік формуласы" бойынша елдердің кездесуі бос әңгіме болатынын, өйткені Ресей қатысуынсыз өтетін мұндай пікірталастың нәтижесі жоқ екенін айтты.
"Бейбітшілік саммитіне қатысушы елдер тізіміне келетін болсақ, біз егемендігіміз бен аумақтық тұтастығымызды құрметтейтін әлемнің барлық елдеріне ашықпыз. Біз "жаһандық Оңтүстік" елдерінің қатысуын қалаймыз. Саммитте барлық елдердің басшылары болғаны өте маңызды. Қытай әлемде үлкен рөл атқарады. Біз Қытайдың да "бейбітшілік формуласы" мен саммитке қатысқанын қалаймыз", - деді Зеленский Швейцария президенті Виола Амхердпен баспасөз мәслихатында.
Трансляция Зеленскийдің әлеуметтік желідегі аккаунттарында жүргізілді.
Киев әзірлеген "бейбітшілік формуласы" Украинаның аумақтық тұтастығын қалпына келтіруді, еуроатлантикалық қауіпсіздік кепілдіктерін қамтамасыз етуді және Ресейге тағылған "әскери қылмыстарды" тергеу үшін арнайы трибунал құруды талап етеді. Мәскеудегілер Зеленскийдің "бейбітшілік формуласы" шынайылықтан мүлдем алыс деп санайды.