https://sputnik.kz/20240115/urlagan-maldy-uydin-ishine-tygatyndar-da-bar--politsiya-41576782.html
Ұрлаған малды үйдің ішіне тығатындар да бар – полиция
Ұрлаған малды үйдің ішіне тығатындар да бар – полиция
Sputnik Қазақстан
Шығыс Қазақстан облысында қылмыскерлер ұрлаған жылқыны "Жигулидің" салонына отырғызып тасымалдаған 15.01.2024, Sputnik Қазақстан
2024-01-15T11:34+0500
2024-01-15T11:34+0500
2024-01-15T11:34+0500
ұрлық
мал
https://sputnik.kz/img/496/72/4967234_0:0:3262:1836_1920x0_80_0_0_da8e2ce8f6e6dbc2a1bc656d54fce241.jpg
АСТАНА, 15 қаңтар – Sputnik. Ішкі істер министрлігі мал ұрлығына қатысты қызықты деректерді жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Криминалдық полиция департаменті басқарма бастығының орынбасары Жандос Батырбековтың айтуынша, өткен жыл ішінде республика аумағында мал ұрлығына қарсы рейдтер төрт рет ұйымдастырылды. Соның екеуі қысқы соғым соятын кезінде өткізілді. Сол кезде 450 адам, 75 қылмыстық топ ұсталды. 8,5 мыңнан астам ұрланған малдың 4,5 мыңы табылып, иелеріне қайтарылды. Барымшатылар ұрлаған малды үйдің ішіне де тығып жатады. Ресми мәліметке сәйкес, барымташылар көп жағдайда жүрген малды ұрлап жатады. Сондықтан негізгі сақтық шараларын ұмытпау қажет. Олар:
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/496/72/4967234_147:0:3240:2320_1920x0_80_0_0_168ed75dcaa792ae699ec9cafc9b967c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ұрлық, мал
Ұрлаған малды үйдің ішіне тығатындар да бар – полиция
Шығыс Қазақстан облысында қылмыскерлер ұрлаған жылқыны "Жигулидің" салонына отырғызып тасымалдаған
АСТАНА, 15 қаңтар – Sputnik. Ішкі істер министрлігі мал ұрлығына қатысты қызықты деректерді жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Криминалдық полиция департаменті басқарма бастығының орынбасары Жандос Батырбековтың айтуынша, өткен жыл ішінде республика аумағында мал ұрлығына қарсы рейдтер төрт рет ұйымдастырылды.
Соның екеуі қысқы соғым соятын кезінде өткізілді. Сол кезде 450 адам, 75 қылмыстық топ ұсталды. 8,5 мыңнан астам ұрланған малдың 4,5 мыңы табылып, иелеріне қайтарылды. Барымшатылар ұрлаған малды үйдің ішіне де тығып жатады.
"Былтыр бір ұрлық әлеуметтік желіде кеңінен тарап кетті. Шығыс Қазақстан облысында қылмыскерлер ұрлаған жылқыны "Жигулидің" салонына отырғызып тасымалдаған. Ондай жағдайлар көп. Сосын бір рет ұрланған жылқыны үйдің ішіне тығып ұстаған. Сондай фактілер де бар", - деді Батырбеков бүгінгі онлайн брифингте.
Ресми мәліметке сәйкес, барымташылар көп жағдайда жүрген малды ұрлап жатады. Сондықтан негізгі сақтық шараларын ұмытпау қажет.
-малды қараусыз қалдырмау үш жақты келісім шартқа отыру ("иесі" - "әкімшіклік" - "малшы");
асыл тұқымды малды бақылау үшін GPS-трекерлерді орнату керек;
мал басын міндетті түрде таңбалау.