Қазақстанда бес елдің қатысуымен әскери оқу-жаттығулар өтеді

© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаГлава государства посетил стратегические командно-штабные военные учения "Батыл тойтарыс – 2023"
Глава государства посетил стратегические командно-штабные военные учения Батыл тойтарыс – 2023 - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.01.2024
Жазылу
Негізгі күш-жігер әскерлердің жауынгерлік даярлығы мен сапасын арттыруға бағытталады
АЛМАТЫ, 15 қаңтар - Sputnik. 2024 жылы қазақстандық қарулы күштерде 160-тан астам жедел және 70 мыңнан астам жауынгерлік дайындық іс-шарасын өткізу жоспарланған, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовтың айтуынша, әскери жаттығуға Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан елдері қатысады.
"Биыл біздің еліміздің аумағында бес мемлекеттің қатысуымен ауқымды оқу-жаттығулар өтеді, олар жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өтуі тиіс. Орталық Азия өңірінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді орындау мақсатында бауырлас халықтар мен қарулы күштер арасындағы достық қарым-қатынасты сақтау біз үшін өте маңызды", – деді Руслан Жақсылықов.
Министр биыл негізгі күш-жігер әскерлердің жауынгерлік даярлығы мен сапасын арттыруға бағытталатынын айтты.
Бас штаб бастығы генерал-лейтенант Марат Хусаинов сондай-ақ генерал Сағадат Нұрмағамбетовтің жүз жылдығын мерекелеу аясында Алматыда бокстан, самбодан халықаралық чемпионаттар өтетінін және алғаш рет қазақша күрестен ТМД әскери қызметшілерінің чемпионаты болатынын айтты.
"Қазақстанда барлығы 33 жарыс өтеді. Сонымен бірге армия спортшылары 17 халықаралық жарыста өнер көрсетеді. Сондай-ақ қазақстандық әскери қызметшілер 35 халықаралық тактикалық оқу-жаттығуға қатысады деген жоспар бар, олардың алтауы біздің елде өтеді", - деді ол.
Кеңес қорытындысы бойынша Руслан Жақсылықов негізгі міндеттердің бірі – жергілікті атқарушы органдармен тығыз қарым-қатынас орнату екенін айтты.
Жаңалықтар
0