https://sputnik.kz/20240115/qazaqstanda-326-loto-klubtyn-qyzmeti-toqtatyldy--400-adam-ustaldy-41574508.html
Қазақстанда 326 лото клубтың қызметі тоқтатылды – 400 адам ұсталды
Қазақстанда 326 лото клубтың қызметі тоқтатылды – 400 адам ұсталды
Sputnik Қазақстан
Еліміздің барлық өңірінен түскен табыс шамамен 6 млрд теңгені құраған. Бұл ретте қаражаттың шамамен 70%-і шетелге шығарылған 15.01.2024, Sputnik Қазақстан
2024-01-15T08:51+0500
2024-01-15T08:51+0500
2024-01-15T08:51+0500
ішкі істер министрлігі
казино
https://sputnik.kz/img/07e8/01/0f/41573032_47:0:1035:556_1920x0_80_0_0_18c3b1748d05e9b666edef8128ac8834.jpg
АСТАНА, 15 қаңтар – Sputnik. Қазақстанда лотерея клубтарының атын жамылып жұмыс істеген заңсыз онлайн-казинолардың ірі желісі жойылды, деп хабарлайды Polisia.kz. 13 қаңтарда ішкі істер министрлігі ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп, бас прокуратураның үйлестіруімен арнайы операция өткізді. Оған үш мыңнан астам қызметкер тартылды.Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің басқарма бастығы Қуандық Алпыстың айтуынша, тергеуге криминалитет өкілдері алынды."Олар ойын мекемелеріне қылмыстық ықпал және қамқорлық еткен, сондай-ақ лото клуб қызметкерлері мен клиенттеріне қатысты қылмыстар жасаған. Заңсыз ойын қызметінен басқа, VIP-клиенттерге интимдік қызметтерді ұйымдастыру, жеңгетайлық және есірткі заттарын пайдалану фактілері тіркелді. Арнайы операция барысында полицияға 400-ден астам адам жеткізілді. Негізгі қылмыстық схеманы ұйымдастырған сегіз адам, оның ішінде алыс және жақын шетел азаматтары ұсталды", – дейді Алпыс.Республика бойынша лото клубтарға 570 тінту жүргізілді. 23 дана атыс және травматикалық қару, 247 млн теңге, 55 млн Ресей рублі, 125 мың АҚШ доллары, компьютерлік техника, мобильді құрылғылар, сондай-ақ басқа да заттай дәлелдемелер тәркіленді.Операция нәтижесінде барлығы 326 лото клубтың қызметі тоқтатылды. Шетелден онлайн-казино тарататын серверлер анықталып бұғатталды. Әкімшілердің ойын барысына ықпал етіп, реттеп отырғаны белгілі болды."Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында бір ғана өңірдің лото клубтарының ай сайынғы жиынтық табысы орта есеппен 300 млн теңгені құрайтыны анықталды, сәйкесінше еліміздің барлық өңірінен түскен табыс шамамен 6 млрд теңгені құраған. Бұл ретте қаражаттың шамамен 70%-і шетелге шығарылған. Ұйымдастырушылардың біреуінің ғана банктік шотына ай сайын шамамен 900 млн теңге түсіп отырған", - деп атап көрсетті басқарма бастығы.Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша тергеу басталды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/01/0f/41573032_170:0:911:556_1920x0_80_0_0_11b70049b2cb9b9f4c37e8330787898a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ішкі істер министрлігі, казино
ішкі істер министрлігі, казино
Қазақстанда 326 лото клубтың қызметі тоқтатылды – 400 адам ұсталды
Еліміздің барлық өңірінен түскен табыс шамамен 6 млрд теңгені құраған. Бұл ретте қаражаттың шамамен 70%-і шетелге шығарылған
АСТАНА, 15 қаңтар – Sputnik. Қазақстанда лотерея клубтарының атын жамылып жұмыс істеген заңсыз онлайн-казинолардың ірі желісі жойылды, деп хабарлайды
Polisia.kz. 13 қаңтарда ішкі істер министрлігі ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп, бас прокуратураның үйлестіруімен арнайы операция өткізді. Оған үш мыңнан астам қызметкер тартылды.
Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің басқарма бастығы Қуандық Алпыстың айтуынша, тергеуге криминалитет өкілдері алынды.
"Олар ойын мекемелеріне қылмыстық ықпал және қамқорлық еткен, сондай-ақ лото клуб қызметкерлері мен клиенттеріне қатысты қылмыстар жасаған. Заңсыз ойын қызметінен басқа, VIP-клиенттерге интимдік қызметтерді ұйымдастыру, жеңгетайлық және есірткі заттарын пайдалану фактілері тіркелді. Арнайы операция барысында полицияға 400-ден астам адам жеткізілді. Негізгі қылмыстық схеманы ұйымдастырған сегіз адам, оның ішінде алыс және жақын шетел азаматтары ұсталды", – дейді Алпыс.
Республика бойынша лото клубтарға 570 тінту жүргізілді. 23 дана атыс және травматикалық қару, 247 млн теңге, 55 млн Ресей рублі, 125 мың АҚШ доллары, компьютерлік техника, мобильді құрылғылар, сондай-ақ басқа да заттай дәлелдемелер тәркіленді.
Операция нәтижесінде барлығы 326 лото клубтың қызметі тоқтатылды. Шетелден онлайн-казино тарататын серверлер анықталып бұғатталды. Әкімшілердің ойын барысына ықпал етіп, реттеп отырғаны белгілі болды.
"Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында бір ғана өңірдің лото клубтарының ай сайынғы жиынтық табысы орта есеппен 300 млн теңгені құрайтыны анықталды, сәйкесінше еліміздің барлық өңірінен түскен табыс шамамен 6 млрд теңгені құраған. Бұл ретте қаражаттың шамамен 70%-і шетелге шығарылған. Ұйымдастырушылардың біреуінің ғана банктік шотына ай сайын шамамен 900 млн теңге түсіп отырған", - деп атап көрсетті басқарма бастығы.
Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша тергеу басталды.