https://sputnik.kz/20240115/pavlodar-temirtau-men-qaragandy-oblysynyn-ush-auylynda-totenshe-zhagday-zhariyalanady-41575239.html
Павлодар, Теміртау мен Қарағанды облысының үш ауылында төтенше жағдай жарияланады
Павлодар, Теміртау мен Қарағанды облысының үш ауылында төтенше жағдай жарияланады
Sputnik Қазақстан
Жария талқылауға екі облыс әкімінің шешімі шығарылды 15.01.2024, Sputnik Қазақстан
2024-01-15T09:37+0500
2024-01-15T09:37+0500
2024-01-15T09:42+0500
төтенше жағдай
https://sputnik.kz/img/07e7/0c/13/41035966_0:0:1280:720_1920x0_80_0_0_ed8f5b76d29fb9efabf06119d04b2398.jpg
АСТАНА, 15 қаңтар – Sputnik. Павлодар, Теміртау және Қарағанды облысының үш ауылдық округінде төтенше жағдай жариялау туралы шешім қабылданды. "Ашық НҚА" порталында аудан, қала әкімдері шешімдерінің жобалары жарияланды.Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" заңының 33-бабының 1-тармағы 13-тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Азаматтық қорғау туралы" заңының 48-бабына және 50-бабының 2-тармағы 2-тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" қаулысына сәйкес өңірлердің басшылары шешім қабылдады.Төтенше жағдай қай жерлерде жарияланадыЖергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай:Құжаттар келесі аптаға дейін қоғамдық талқылауда болады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/0c/13/41035966_160:0:1120:720_1920x0_80_0_0_3a9906f8bf1f95232c5f924dba15d763.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
төтенше жағдай
Павлодар, Теміртау мен Қарағанды облысының үш ауылында төтенше жағдай жарияланады
09:37 15.01.2024 (жаңартылды: 09:42 15.01.2024) Жария талқылауға екі облыс әкімінің шешімі шығарылды
АСТАНА, 15 қаңтар – Sputnik. Павлодар, Теміртау және Қарағанды облысының үш ауылдық округінде төтенше жағдай жариялау туралы шешім қабылданды. "Ашық НҚА" порталында аудан, қала әкімдері шешімдерінің жобалары жарияланды.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" заңының 33-бабының 1-тармағы 13-тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Азаматтық қорғау туралы" заңының 48-бабына және 50-бабының 2-тармағы 2-тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" қаулысына сәйкес өңірлердің басшылары шешім қабылдады.
Төтенше жағдай қай жерлерде жарияланады
Жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай:
Қарағанды облысы Шет ауданы Ақсу-Аюлы ауылдық округі мен Ақшатау кентінде аумағында;
Қарағанды облысы Абай ауданы Құрма ауылдық округінің Құрма ауылында және Мичурин ауылдық округі Агроқалашық ауылында;
Павлодар қаласы, Ленин кенті, Жетекші, Мойылды, Павлодарское ауылдары, және Павлодар қаласы Кенжекөл ауылдық округі аумағында жарияланды.
Құжаттар келесі аптаға дейін қоғамдық талқылауда болады.