Астанада бір күнде жол жүру ақысынан жалтарған 100-ге тарта жолаушы анықталады

© Sputnik / Абзал КалиевАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.01.2024
Жазылу
Өткен жылы елордада 230 мыңнан аса азамат жолақы төлеуден бас тартқан
АСТАНА, 15 қаңтар – Sputnik. Астанада бір күнде жол жүру ақысынан жалтарған 100-ге тарта жолаушы анықталады, деп хабарлады 24KZ.
Өткен жылы төлем жасаудан бас тартқан 11 мың жолаушыға әкімшілік хаттама толтырылып, 70 млн теңге айыппұл салынды.
Кондукторсыз режимге көшкелі жолақысынан жалтаратын жолаушылар көбейген. Өткен жылы Астана қаласында 230 мыңнан аса азамат жолақы төлеуден бас тартқан көрінеді.
Елордада 70 бағыт бойынша 900 автобус халыққа қызмет етеді. Осы аралықта автобус жүргізушілері 600 мыңнан аса жолаушыны діттеген жеріне жеткізеді.
"Жұмыс барысында неше түрлі жағдай кездеседі. Бізге бағынбай, күш көрсететін азаматтар да болады. Кейбір жолаушылар балағаттап кетеді. Мақтап та жатады. Енді әртүрлі жағдайлар болады. Жұмысымыз жалпы қызықты", - дейді Көлік бақылау департаментінің менеджері Самал Қабышева.
Самал секілді жолақысына бақылау жасайтын 100 маман бар. Тексеріс аясында шамамен күніне 30-дан аса жолаушыға әкімшілік хаттама толтырады. Дегенмен төлем жасамайтындар тіптен көп. Көп жағдайда түсіністік танытамыз, - дейді тексерушілер.
Тексеріс барысында жолақы төлемеген жолаушыларға аң бойынша 2 АЕК айыппұл салынады. Ол шамамен 7 мың теңгеден асады. Аз-маз ақыны төлемей, 7 мыңдап айыппұл арқалау кімге ұнасын. Көп жағдайда тұрғындар заңмен келіспей жатады. Тіпті оқиға орнынан ізін суытатындар да табылады. Дегенмен бақылаушылар арнайы камерамен жабдықталған. Қолдарындағы құрылғылар да төлем жасамағандарды қателеспей анықтауға мүмкіндік береді.
Жолақы төлемейтін тұрғындардың салдарынан бір күнде мемлекетке 8 млн теңге шығын келеді. Бас-аяғы 1 жылда қала қазынасы 2 млрд-тан аса қаржыдан қағылады.
Жаңалықтар
0