Астана әуежайы арқылы жолаушы 160 мың долларды алып өтпек болған

Изъятые контрабандные доллары - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.01.2024
Жазылу
Бұл - жыл басынан бері 10 000 доллардан астам ақшаны әкетпек болған екінші әрекет
АСТАНА, 15 қаңтар - Sputnik. Жолаушы Астана әуежайы арқылы 160 мың АҚШ долларын (72 миллион теңгеден астам) алып өтпек болған.
Астана халықаралық әуежайының авиациялық қауіпсіздік қызметі ұшу алдында тексеру жүргізу кезінде жолаушының багажында шамамен 160 000 АҚШ доллары барын анықтаған.
Құқық бұзушы жолаушы ақшамен бірге тиісті органдардың қызметкерлеріне берілді.
"Президенттің "Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі 2022 жылғы 14 наурыздағы шаралар туралы" Жарлығына сәйкес, 10 000 АҚШ доллардан асатын сомада шетел валютасын қолма-қол әкетуге тыйым салынады", - дейді Астана халықаралық әуежайының баспасөз қызметі.
Жыл басынан бері бұл екінші жағдай, ал былтыр 98 жағдай тіркелген.
Жаңалықтар
0