Алтын орда базарын цифрландыру жұмыстары қалай жүріп жатыр

© Sputnik / Тимур БатыршинРынок Алтын Орда
Рынок Алтын Орда - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.01.2024
Жазылу
Алматының атышулы базарындағы жағдай сауда министрлігінің бақылауында
АСТАНА, 15 қаңтар – Sputnik. "Алтын Орда" базарының барлық алты кіреберісі енді автоматты шлагбаумдармен жабдықталған, олардан өткеннен кейін тұрақ ақысын QR кодтары арқылы немесе POS терминал арқылы төлеуге болады, деп хабарлайды сауда министьрлігінің баспасөз қызметі.
Министрліктің мәліметінше, "Алтын Орда" базарын цифрландыру бойынша "altynordaresmi.kz" ақпараттық веб-сайты іске қосылды
Онда азаматтарға қолжетімді сауда орындарының саны, олардың алаңы, жалдау құны туралы ақпаратты, сондай-ақ жалдау (пайдалану) шартының талаптары, оны бұзу тәртібі мен негіздері туралы ақпарат бар.
"Базар басшылығы тарапынан кері байланыс алу үшін онлайн-шағым беру және ұсыныс енгізу мүмкіндігі енгізілді", - деп атап өтті министрлік.
Бұл шаралар базар қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету және бюджетке салық төлемдерінің түсімдерін ұлғайту үшін қабылданатынын атап өттң ведомтсво.
Атышулы базар салық органдарының назарына әлдеқашан түскен еді, бірақ базар басшылығы мен министрлік өткен жылы ғана с келіссөздерге келген болатын.
2023 жылдың тамызында сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев анықталған бұзушылықтарды жою, нарықты жаңғырту және фермерлер үшін тегін сауда орындарын ұсыну жөніндегі жұмысты үйлестіру үшін базар аумағында мобильді топтың қатысуымен кеңейтілген кеңес өткізді
2023 жылғы желтоқсанда сауда комитетінің төрағасы Айдар Әбілдабеков "Алтын Орда" базарына барып, базар әкімшілігімен сауда алаңдарын жаңғырту мәселелерін талқылады. Кеңес қорытындысы бойынша Әбілдабеков қысқа мерзім ішінде бизнес-процестерді цифрландыруға көшуді жеделдетуді тапсырды.
Жаңалықтар
0