Алматыда инвесторлар 1,5 жыл бойы газ магистраліне қосыла алмаған

© iStock.com / NiseriNГазовый кран с системой трубопроводов на газовой станции
Газовый кран с системой трубопроводов на газовой станции - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.01.2024
Жазылу
Заң талаптарын бұзған қалалық энергетика және сумен жабдықтау басқармасы бастығының орынбасары тәртіптік жауапқа тартылды
АЛМАТЫ, 15 қаңтар - Sputnik. Алматылық инвесторлар газ магистраліне 1,5 жылдан кейін қосылды, деп хабарлайды қалалық прокуратура.
Бұл жағдай қала прокуратурасымен кездесу кезінде белгілі болған. 2022 жылы Алматы қаласының энергетика және сумен жабдықтау басқармасы индустриялық аймақта газбен жабдықтау үшін магистральдық инженерлік-көліктік желілерінің құрылысын жүргізген, оған бірқатар инвесторларды қосу жоспарланған.
"Алайда әкімдік нысанның "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ теңгеріміне берілмегенін айтып, газбен жабдықтау желілеріне қосудан бас тартқан. Іске прокуратура араласты. Нәтижесінде 26 инвестор газ магистраліне қосылды", - дейді ведомство.
Заң талаптарын бұзған басқарма бастығының орынбасары тәртіптік жауапқа тартылды.
Айта кетейік, 26 инвестор 3314 жұмыс орны бар құны 124 млрд теңгеден асатын инвестициялық жобаны іске асырады.
Жаңалықтар
0